Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ұйымдары (мекемелері) арасында «Нұр-сұлтан қаласы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік» конкурсын өткізуде.

Бүгінгі таңда қатысу үшін 34 қызметкер мен мекеме құжаттарын тапсырды. Байқау қорытындысы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай өткізіледі.

Сіздерді конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз.

Анықтама:

  • «Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік мемлекеттік қызметші»
  • «Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік азаматтық қызметші»
  • «Үздік әлеуметтік қызметкер»
  • «Үздік әлеуметтік қорғау мекемесі»
  • «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым»

Құжаттар 2021 жылдың 9 қазанына дейін қабылданады. Конкурсты өткізу туралы Ереже басқарманың ресми сайтында жарияланған (uzsp.astana.kz).

         Барлық сұрақтар бойынша әкімшілік бөліміне хабарласуға болады, телефондар: 8/7172/55-67-12, 8-771-666-57-39 (эл.пошта: t.myrzakhmetova@astana.kz.).