Астана қаласының азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.
Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi.
Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде әкiмшiге мына құжаттарды қосып өтініш ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.);
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
5) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама.
6) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін;
7) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9, сондай-ақ электрондық үкіметтің web порталы арқылы egov.kz оған жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.