Меню

Страницы

Статья

Газ жүйесін орнату үшін біржолғы әлеуметтік көмек

Тұрғын үйлерді газдандыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат.

                                                                                 

Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес (мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімі), тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болғанда және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жеке  тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын:

– жасы бойынша зейнеткерлерге;

– мүгедектігі бар тұлғалар;

– мүгедектігі бар балаларға;

– көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға;

– жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне беріледі.

Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК (448 500 теңге) аспайтын  газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz (Электрондық үкімет) веб-порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 9-үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

1) жеке бас куәлігі;

2) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгi, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасы,  балалардын туу туралы куәлігі);

4) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама;

5) арызданушының  азқұбырын төсеп салуға және орнатуға байланысты нақты  шығындарын растайтын құжаттар (сервистік қызмет көрсетуге арналған шарты, жабдықты сатып алу  чектері, орындалған жұмыстар актісінің көшірмелері);

6) екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шоты туралы мәліметтер.

Толық кеңес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

– «Сарыарқа» ауданы бойынша: 55-14-87, 8(702)546-86-95, 8(701)6216299;

– Алматы» ауданы бойынша: 55-01-74, 8(701)734-83-74.

Дата публикации
29 июля 2021
Дата обновления
29 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы