Меню

Страницы

Статья

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек

Мүгедектігі бар  балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек

Астана  қаласының  мүгедектіг бар і балаларды  үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:

     1) мүгедектігі бар  балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекеттік  қамтамасыз етілетін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне қарамастан беріледі;

     2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап,  дәрігерлік- консультациялық комиссиясының  қорытындысында белгіленген  мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады. Төлем өткен айға жүргізіледі және шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      3) өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады;

      4) шығындарды өтеу оқу жылы ішінде тоқсан сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

Мүгедектігі бар  балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы құжат тапсыруга тиіс екендігін назарыңызға жеткіземіз.

Порталға жүгіну үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;
  • дәрігерлік-  консультациялық комиссиясы  қорытындысының электрондық көшірмесі;
  • өтініш берушінің және мүгедектігі бар  баланың жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;
  • мүгедектігі  туралы анықтаманың көшірмесі;
  • оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
  • банк шотының электрондық көшірмесі.

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Анықтама үшін телефондар: 55-01-74, 55-14-87, 55-74-50,55-72-32.

 

Дата публикации
29 июля 2021
Дата обновления
29 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы