Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерін әлеуметтік қолдау
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес біржолғы төлемдер қарастырылған:
ҰОС ардагерлеріне 9 мамыр (Жеңіс күні) – 1 млн.теңгеден кем емес;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары) - 45 АЕК мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілері; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) - 45 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) 45 АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) 45 АЕК мөлшерінде;
- Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелі) – 15 АЕК көлемінде.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жергілікті бюджеттен мынадай тегін қызметтер көрсетіледі:
Сондай-ақ, ардагерлерінің қажеттіліктеріне қарай санаторлық-курорттық жолдамалармен, есту аппараттарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.