Әлеуметтік маңызы бар ауруларға әлеуметтік көмек
25 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:
- адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – «ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
- қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.
5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – «ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа толған адамдарға.
Ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.