Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негіздері бойынша әлеуметтiк көмек

Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негіздері бойынша әлеуметтiк көмек

Әлеуметтік көмек келесідей түрлерін ұсынады:

 

  1. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК (34 500 теңге) ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.

 

          Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме төмендегi құжаттарды қоса отыра ай сайын Туберкулезге қарсы диспансері ұсынатын, азаматтардың тiзiмi болып табылады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
  1. 25 АЕК (86 250 теңге) мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:
  • адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
  • қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.
  1. 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа толған адамдарға.
Дата публикации
28 июля 2021
Дата обновления
28 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы