Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек
Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Көмек ақшалай төлем түрінде:
- жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 65 АЕК;
- отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 15 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Әлеуметтік көмек алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына Достық көшесі, 13 үй мекен-жайы бойынша электронды өтінішті www.egov.kz веб-порталы арқылы «Электрондық өтініштер» бөлімінде тапсыра алады.
Өтінішке қоса төмендегі қужаттардың көшірмесін ұсынады:
Алушылардың назарына:
Басқармамен табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей тапсырылған өтініштер қаралады.
Анықтама номерлері:
Алматы: 55-01-74, 8 702 837 50 05
Байқоңыр: 55-72-32, 8 705 468 50 01
Есіл: 55-74-50, 8 707 444 07 45
Сарыарқа 55-14-87, 8 701 6216299 аудандарының тұрғындары телефон нөміріне хабарласуына болады.