Меню

Страницы

Статья

Атаулы әлеуметтік көмек

 

Атаулы әлеуметтік көмек

 

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 - II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес тағайындалады.

АӘК тағайындау үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан аспауы тиіс (3 тоқсанға кедейлік шегі 28 655 теңге).

Заңның 2 - бабының 2-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен (табысы аз адамдар (отбасылар) ала алады.

Заңның 1-тармағының 3-бабына сәйкес АӘК тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады. (Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды рәсімдейді).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес (Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы өтініш беруші мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Жазбаша сұрау салу ресімделген жағдайда құжаттар топтамасын немесе ЭҚТ қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін жазбаша сұрау салу жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (8-тармақ). Сондай-ақ өтініш беруші өз бастамасы бойынша АӘК тағайындау үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз жүзінде ұсына алады (9-тармақ)).

Егер ағымдағы жылдың 2 тоқсанындағы жан басына шаққандағы табысыңыз кедейлік шегінен аспаса (28 655 теңге), АӘК тағайындау үшін Бейбітшілік көшесі, 14 үй мекенжайындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіне алуға болады немесе өтінішті egov.kz  веб-портал арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметінің атауы бойынша электронды түрде ұсынуға болады

Дата публикации
28 июля 2021
Дата обновления
28 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы