Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
ұсынылатын әлеуметтік көмек
Медициналық көрсеткіштерге сәйкес медициналық қызметтерді алу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды жедел сатып алу үшін қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әлеуметтік көмек келесі азаматтарға:
Порталға жүгіну үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарын (не алдағы шығындарын) негізге ала отырып айқындалады, бірақ 13 айлық есептік көрсеткіштен (37 921 теңге) аспайды.
Әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген азаматтардың өтініштерін Басқарма көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қарайды.
Толық ақпарат алу үшін Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Достық көшесі, 13, тел. 55-01-74, 55-74-50,55-72-32, 55-14-87.