Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдер бойынша ақпарат

Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдер бойынша ақпарат 

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеу түрінде әлеуметтік көмек:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұсынылады.

 Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

      1) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі;

    2) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

 Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.       

 Тұрғылықты орны немесе пайдаланатын тұрғын үйдің алаңы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмек алушы ол жөнінде әкімшіні өзгерген кезден бастап он күн ішінде хабардар етуі тиіс. Ақшалай төлемдерді қайта есептеу хабардар етілген айдан бастап жүргізіледі.

      Ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерлерде беріледі:

      1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне: 35 ш.м-ге дейiн – 1 АЕК,  35 ш.м-ден 50 ш.м-ге дейiн – 6 АЕК, 50 ш.м-ден 80 ш.м-ге дейiн – 7 АЕК, 80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;

      2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 АЕК;

      3) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына– 4,5 АЕК;

      4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан басқа да адамдарға – 4,4 АЕК.

         Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бiрнеше адам бiр тұрғылықты мекенжай бойынша тiркелген жағдайда, төлем тек қана бiреуiне жүргiзiледi.

         Толық кеңес алу үшін Бейбітшілік көшесі 9, тел. 55-69-90 мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуға болады

Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдер бойынша ақпарат
Дата публикации
27 июня 2023