- Соттардың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке танылған адамдарға қорғаншылықты белгілеу
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексіне сәйкес қорғаншылық соттардың шешімдерімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған адамдарға белгіленеді.
Өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Е- gov – электрондық өтініш,
2) көрсетілетін қызметті беруші – Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Бейбітшілік көшесі, 9, тел. 55-67-97) арқылы жүзеге асырылады.
Қорғаншы болып тағайындауға құжаттарды ресімдеу
(қызметтің атауы)
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 күн
Өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
- Заңдық күшіне енген азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану жөніндегі соттың шешімі (көшірмесі);
- Қорғаншы болғысы келетін тұлғаға өтініш;
- Өтініш берушінің және қорғаншылықтағы тұлғаның жеке куәліктерінің көшірмелері;
- Қорғаншылықтағы тұлғаның мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі;
- Қорғаншылықтағы тұлғанының Жылжымайтын мүлкі жөніндегі тіркеу орталығынан тіркелген мүлкінің бар-жоқтығы жөніндегі ақпараттық анықтама (№ 6 нысан);
- Өтініш берушіге терапевт маманынан қорғаншылыққа қарсылығының бар-жоқтығы ұсынысымен (тұрғылықты жері бойынша емаханада) ДКҚ медициналық қорытындысы (емхананың ДКҚ бланкісінде);
- Өтініш берушіге жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс істемейтін жағдайда, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе зейнеткерлік куәлігі);
- Туыстық қарым-қатынасы бар болған жағдайда куәландыратын құжат (туу туралы куәлік, ерлі-зайыптылар үшін неке кию куәлігінің көшірмесі);
- Өтініш берушіге сотталмағандығы туралы аңықтама;
- Отбасының құрамы туралы мәліметтер;
- Жазбаша түрде қорғаншылыққа қарсылығы жоқтығы жайында туыстарынан келісім (келісім берген туыстарының жеке куәлік көшірмесі).
- Скоросшиватель.
- ӨЗІМЕН БІРГЕ ФЛЕШКАДА ҚОРҒАНШЫҒА ЭЦҚ (ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА) болуы.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Әлеуметтік мекемелердің қызметін және арнайы қызметтерді үйлестіру бөлімі – кәмелетке толған адамдарға Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандардың байланыс нөмірі – 55-67-97
Тыныбекова Жанар Мұратқызы – бөлім басшысы - 8-701-136-36-80,
Мырзахметова Таланды-Гүлжан Марденқызы - бөлімнің бас маманы –
8-771-666-57-39