GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 октября 2026
5%-дық тұрғын үй несиесі бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау
21 сентября 2026
Ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік төлқұжаттарды орналастыру туралы баспасөз хабарламасы

Ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік төлқұжаттарды орналастыру туралы баспасөз хабарламасы

«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік сұранымдардың жариялағаны туралы хабарлайды. 

 

001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы тұрғын үй мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4360938&budgetState=PROJECT

006 "Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру"

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4360950&budgetState=PROJECT

 

007  «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4360972&budgetState=PROJECT

 

008 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4360996&budgetState=PROJECT

 

 012  «Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ-ға бюджеттік кредит беру»

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4361006&budgetState=PROJECT

 

013  "Ортақ мүлікті техникалық бағалау және кондоминиум объектілеріне техникалық төлқұжаттарды дайындау"

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4361035&budgetState=PROJECT

 

054 "Жеке тұрғын үй қорынан жалданатын тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер"

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4361040&budgetState=PROJECT

 

 

055 «Бірыңғай сәулеттік келбетті жасауға бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын күрделі және/немесе ағымдағы жөндеу»

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4361054&budgetState=PROJECT

02 сентября 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

27 августа 2026
Қызметтік әдепті сақтау - баршаға ортақ кәсіби міндет

#адгсастана
#адгс
#адалазамат

18 августа 2026
📌Астана қаласында 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үй қорын реновациялау жобасы іске асырылуда.

📌Астана қаласында 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үй қорын реновациялау жобасы іске асырылуда.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы авариялық үйлерді бұзу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыс барысында Байқоңыр ауданында, Абай даңғылы, 66/2 мекенжайында орналасқан нысанға тексеру жүргізілді. Аталған мекенжайдағы тұрғын үй бұзылғаннан кейін нысанның аумағы қаралды. Мердігер ұйыммен жұмыстарды жүргізу тәртібі, белгіленген талаптарды сақтау және аумақты тиісті деңгейде күтіп ұстау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, тұрғын үйді авариялық деп тану туралы шешім техникалық тексеру нәтижелері негізінде қабылданады. Ғимараттың физикалық тозу көрсеткіші 61%-дан асқан жағдайда, тұрғын үйді авариялық деп тану мәселесі Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.
Тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру және жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау бойынша жұмыстар жалғасуда.

10 августа 2026
🏢 «Жағалау» тұрғын үй кешенінде жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды

«Жағалау» тұрғын үй кешені меншік иелерінің бастамасымен көппәтерлі тұрғын үйді күтіп ұстау және басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Жиынға Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Малик Еркебұлан төрағалық етті.
Кездесу барысында ОСИ төрағасы В. Латыш тұрғын үй кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы есеп берді.
📌 Кездесуде келесі мәселелер қаралды: ✔️ жоспарлы техникалық жұмыстардың орындалуы және инженерлік желілерді дайындау; ✔️ жылу және элеваторлық тораптардың техникалық жай-күйі; ✔️ аумақтың санитарлық тазалығы, балалар алаңдары мен ортақ пайдалану орындарын күтіп ұстау.
Сонымен қатар, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері ОСИ төрағасы мен үй кеңесінің мүшелеріне көппәтерлі тұрғын үйді тиімді басқару, сервистік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және меншік иелері алдында ашық есептілік жүргізу бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.
Осындай кездесулер тұрғындар, басқару органдары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін уақытылы шешуге және тұрғын үй қорын сапалы күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

23 июля 2026
Астанада газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Астанада газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Басқарманың үйлестіруімен, аудандық әкімдіктер, ТЖД, МПС және өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, жұмыс топтары құрылып, газ жабдықтары қолданылатын нысандарға шығу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы айда Басқарма тарапынан 23 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама беріліп, 15 әкімшілік айыппұл салынды.

Нұсқамалар талаптары орындалмаған жағдайда, материалдар мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жолданатын болады.

Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша бақылау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

16 июля 2026
ХАЛЫҚҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕНІМ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен жоғары басшылықтың тікелей нұсқауын орындау — біздің басты міндетіміз. Әрбір азаматтың мәселесіне бей-жай қарамау, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, оған заң аясында әділ шешім табу — Тұрғын үй инспекциясы жұмысының негізгі өзегі. Бүгін Астана қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлікұлы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Ашық диалог және шынайы қолдау. Бұл жолғы қабылдауға «Жилой комплекс Ұлы Дала» МИБ төрағасы мен үй кеңесінің мүшесі қатысты. Тұрғындарды толғандырған, көптен бері шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер ортаға салынып, ашық талқыланды. Заң аясындағы жедел әрекет, мәселені тек тыңдап қана қоймай, оны заң шеңберінде түпкілікті шешу мақсатында жиынға мемлекеттік сот орындаушылары «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде жедел қосылды. Қабылдауға келген әрбір тұрғынға қолданыстағы заңнама негізінде жан-жақты, құқықтық әрі нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әрбір уәж мұқият хатталып, бақылауға алынды. Тұрақтылық пен оң нәтиже. Мұндай жеке қабылдаулар — жай ғана есеп үшін өткізілетін шара емес. Бұл — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бүгінгі таңда жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқан бұл кездесулер өзінің нақты, оң нәтижесін беріп, тұрғындардың мемлекетке деген сенімін нығайта түсуде. Біз үшін әрбір шаңырақтың жайлылығы мен әрбір азаматтың заңды құқығының қорғалуы маңызды!

18 июня 2026
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталып жөнделуге тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердін тізбесін бекіту туралы»

Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталып жөнделуге тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердін тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы  әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. Осыған байланысты осы жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

Құрылған күні: 18.06.2026 жылғы

Қоғамдық талқылау: 03.07.2026 жылға дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15850730

18 июня 2026
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Астана қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды. Осыған байланысты осы жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

Құрылған күні: 18.06.2026 жылғы

Қоғамдық талқылау: 03.07.2026 жылға дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15852975 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы