Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес жергілікті өкілді органдар тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындайды.
Бүгінгі күні Астана қ. мәслихатының "Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне сәйкес берілетін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 500 000 теңгені құрайды, ол азаматтардың ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншікке тұрғын үй сатып алу құқығын іске асыру үшін беріледі. ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген шешімге сәйкес тұрғын үй сертификаттарын алушылар мынадай санаттағы азаматтар болып табылады: білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері,арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері, Астана қ. әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек қызметін жүзеге асыратын мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері.
Астана қаласы Полиция департаментінің және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне,сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың барлық әлеуметтік осал топтарына.Бұл ретте әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаты өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын оның отбасы мүшелерінде (жұбайында , кәмелетке толмаған балаларында) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда)соңғы 6 айдағы әрбір отбасы мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын орташа табысы болған жағдайда ұсынылады.
2024 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге мөлшерінде белгіленді, тиісінше отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 айдағы табыс 134 562 теңгеден аспауы тиіс.Тұрғын үй сертификаттары азаматтарға банк несиені мақұлдағаннан кейін беріледі.
Ол үшін банк мақұлдағаннан және хабарлама алғаннан кейін азамат Республика д., 32-үй Астана қ.тТұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жүгінуі қажет. Өтінішті қарау мерзімі-8 күн.