Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

 

Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін».

БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.

Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі жөнінде әңгімелеп беретін болады.

Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.

Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда 10:00, 12:00, 15:00, 16:30 сағатта онлайн форматта  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет :

1 сессиясы - уақыт 10:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb5eb8a47e99fabcff36fef7281e0ee06

2 сессиясы - уақыт 12:00 2021 ж. 10 желтоқсанында  Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e4dcdff62a2afd4a4b02e9a483784978c

3 сессиясы - уақыт 15:00 2021 ж. 10 желтоқсанында  Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/79874111268?pwd=UklvM2N4eGg4OWQ4ME1XaXR3eHZiQT09

 Конференция ID: 798 7411 1268; кіру коды: 123456.

4 сессиясы - уақыт 16:30 2021 ж. 10 желтоқсанында Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/78292928949?pwd=YllTdWRyUGJVOGpWTVl5M1J3bENhdz09

Конференция ID: 782 9292 8949; кіру коды: 123456.       

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

Дата публикации
07 декабря 2021
Дата обновления
07 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы