Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қабылдаған шешімдерін растау үшін жылына кемінде бір рет үй кеңесінің, бастамашыл топтың, тексеру комиссиясының, тұрғын үй инспекторының талап етуі бойынша жиналыстар өткізілуге тиіс. Егер пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тарифтерді қайта бекітуге қосымша жиналыс өткізуге немесе жиналыстың қарауына қосымша мәселелерді енгізуге ниет білдірсе, оні үш нысанның біреуі бойынша жиналыс өткізеге бастамашыл болуға болады.
- келу тәртібімен өткізілетін жиналыс
- жазбаша сауалнама арқылы өткізілетін жиналыс
- ақпараттандыру объектілері арқылы өткізілетін жиналыс
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-1-бабының 2-тармағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне жиналыста үй кеңесі мүшелерін, тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де мәселелерді қарауға мүмкіндік беретіндігін хабарлаймыз.
Заңды тұлғаны тіркегеннен кейін қосымша жиналыс өткізу қажеттігі туған жағдайда үй кеңесі меншік иелерінің жалпы жиналысына бастамашылық етіп, жиналыс төрағасы, жиналыс хатшысы сайланады.
Үй кеңесінің мүлешерінің жиналысында алдағы уақытта өтетін жиналыстың күн тәртібін үй кеңесінің құрамымен бекітеді. Осыдан кейін үй кеңесі мүшелерінің хаттамасы жасалады және пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелері арасында жиналыс өткізу туралы хабарландыруды дайындау қажеттілігі туралы МИБ төрағасына хабарлама жіберіледі.
Үй кеңесі жиналысын өткізген кезде, ол алдағы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс берудің қандай тәсілмен өткізілетінін хаттамалық түрде бекіте алады.
Мысалы: үй кеңесі өз жиналысымен күн тәртібін бекіте отырып, жазбаша сауалнама жүргізу тәсілін бекітті. Мұндай жағдайда төраға хаттама негізінде хабарлама дайындайды, барлық меншік иелеріне 10 күн бұрын күн тәртібі мен өткізу күні туралы хабарлайды. Белгіленген күні жазбаша сауалнама арқылы жиналыс өткізеді.
МИБ төрағасын ауыстыру бойынша әрекеттер алгоритмі
Үй кеңесі толық құрамдағы үй кеңесі мүшелерінің жиналысын бастайды және мүлік меншік иелері арасында сауалнама жүргізу туралы мәселені күн тәртібіне шығарады. Үй кеңесі мүшелері жиналысының барлық шешімдері үй кеңесі мүшелері жиналысының хаттамасында көрсетіледі.
Үй кеңесі немесе төраға үй кеңесінің шешімі бойынша 10 күн бұрын мүлік меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу туралы хабарлайды. Белгіленген күні меншік иелері арасында жазбаша сауалнама жүргізіледі
Қол жинау мерзімі жазбаша сауалнама тағайындау туралы күннен кейін бір айдан аспауы тиіс. Сауалнама аяқталғаннан кейін үй кеңесі дауыс беруді қорытындылайды, нәтижелерді көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасында көрсетеді.
Егер МИБ төрағасының жаңа кандидатурасы бекітілсе, жаңадан сайланған Төраға тіркеу туралы анықтамаға өзгерістер енгізеді.
Сондай-ақ, Сіз меншік иелерінің жиналысында бекіту үшін сұрақтар тұжырымдамасын қолдана аласыз.
Сауалнамаға қосу үшін ұсынылатын сұрақтар тізімін жібереміз:
- Көппәтерлі тұрғын үй басқарушысын немесе сервистік компанияны таңдау туралы, шарттар жасасу туралы, сондай-ақ оларды өзгерту немесе бұзу туралы, кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету не сервистік қызмет субъектілерімен сервистік қызмет және өзге де қызмет түрлері бойынша қызметтер көрсету туралы шешімдер қабылдау жөнінде өкілеттіктер үй Кеңесіне беру.
- Басқару мен күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы шығыстарға кірмейтін және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері үшін _____ теңге мөлшерінде ай сайынғы тарифке енгізілмеген, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және материалдарды сатып алуға арналған бір реттік нысаналы алым қарауға қабылдансын және бекітілуі.
- Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері қатарынан үй кеңесінің мүшелерін бекіту: Т.А.Ә. Т.А.Ә. Т.А.Ә.
- Мүлік сеншік иелері бірлестігінің Төрағасы ретінде Т.А.Ә. 1 (бір) күнтізбелік жыл мерзіміне мүлік меншік иелері бірлестігінің Жарғысына және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес оған өкілеттік беріле отырып сайлансын.
- Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері қатарынан үйдің тексеру комиссиясының мүшелерін бекіту: Т.А.Ә. Т.А.Ә. Т.А.Ә
- Жазбаша сауалнама жүргізу үшін бастамашыл топ мүшелерін бекіту: Т.А.Ә. Т.А.Ә. Т.А.Ә. ....
- Қажетті төлемдер мен салық төлемдерін ескере отырып, МИБ төрағасына еңбекақы төлеу мөлшері ______ (__________) теңге мөлшерінде бекіту
- Мүліктің меншік иелері бірлестігінің ағымдағы шотты басқару, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ағымдағы шотқа ақшаны уақтылы енгізуіне мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес берешекті өндіріп алу жөніндегі функцияларды МИБ Төрағасына беру.
- Мүлік меншік иелері бірлестігінің Төрағасы, сондай-ақ үй Кеңесінің мүшелері кондоминиум объектісінің құрамына өзгерістер енгізуді, Азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясына, жергілікті атқарушы органдарға, басқармаларға сұрау салу кезінде басқару үшін қажетті құжаттар мен материалдарды қабылдауды-беруді/қалпына келтіруді қамтамасыз ету, бірақ бұлармен шектелмей: кондоминиум объектісінің жалпы сипаттамасы, инженерлік жабдықтардың тізбесін және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтың аудандары туралы деректерді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы (кондоминиум объектісі бойынша үлестерді есептеу). Қызметтік үй-жайлардың және басқа да үй-жайлардың тізбесі. Пайдалану жауапкершілігі шекарасында объектілердің, кондоминиум объектісіне іргелес аумақтың, инженерлік жабдықтар мен желілердің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу, жай-күйді объектінің техникалық жай-күйін бағалау актісінде көрсету. Техникалық құжаттама, жобалау-сметалық құжаттама (сметалық бөлімсіз), учаске жоспары, паспорттар, қабылдау актілері, инженерлік жабдықтың техникалық паспорттары және басқа да құжаттар, сондай-ақ тұрғын үйдің балансындағы негізгі құралдар қабылдау.
- Тұрақ орындарына қызмет көрсету бойынша күтіп-ұстау және пайдалану қызметтері үшін тариф бір тұрақ орны үшін _____ теңге мөлшерінде айқындау (тұрақ болған жағдайда);
- Астана қаласы, ___________ ауданы, ____________ көше мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасына қаражат жинауды жүзеге асыру, ортақ мүлікті күтіп-ұстау және қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметтерді бөлу және төлеу, ұялы байланыс антенналарын, терминалдар мен ортақ пайдаланылатын орындарды орнату үшін жалдау ақысының мөлшерін айқындау, контрагенттермен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың жалға алушыларымен және меншік иелерімен шарттар жасасу және бұзу жөнінде өкілеттіктер беру.
- Лифтіні пайдалану төлемін қоса алғанда, лифтілер мен лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсету үшін ай сайынғы шығыстарға ақы төлеу
- 1-2 қабаттарда өмір сүретін меншік иелері үшін – 650 (алытжүз елу) тенге (Қарастырылуға ұсынылатын мысал)
- 3-8 қабаттарда өмір сүретін меншік иелері үшін – 1300 (бір мың үшжүз) теңге (қарастырылуға ұсынылатын мысал)
- Техникалық қызмет көрсету және лифтіні пайдалану төлемі "Астана-ЕРЦ" ЖШС-нің бірыңғай төлем құжаты, төлемнің жеке жолы арқылы жүзеге асырылады
- Кондоминиум объектісінің аумағында және басқару органының жауапкершілігі шекарасында тұрғын үй кешенінің аумағында тұрмайтын адамдар үшін қонақтарға арналған тұрақ орындарын ұйымдастыра отырып, қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін шлагбаумдар мен қосымша белгілер орнатуды қамтамасыз ету
- Азаматтардың жүріп-тұруы шектеулі топтары не өз бетінше жүріп-тұру немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген адамдар санатына жататын жолаушылары бар машиналардың паркингі аумағына жүріп-тұруын бекіту және қамтамасыз ету
- Басқаруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға, сондай-ақ басқару объектісінің, тұрғын үй кешенінің, үйдің немесе келесі мекенжай бойынша орналасқан үйлер тобының аумағында тұру қағидаларына байланысты өзге де мәселелер бойынша:______________
Астана қаласы, Республика даңғылы 32 мекенжайы бойынша орналасқан МИБ орталығында сауалнама парақтарының және қорытындылардың үлгілік нысандары бар.