Меню

Страницы

Статья

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып: Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттерге тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы олардың болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.

Біздің мамандар зейнетақы калькуляторының көмегімен тұрақты жарналар есебінен болашақ зейнетақыны айтарлықтай көбейтуге болатындығын көрнекі түрде көрсетеді.

Біз болашақ салымшыларымызды бүгіннен бастап  күтеміз!

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 10:00, 12:00, 14:00, 16:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек, содан кейін event-мәжіліс нөмірін,  конференция идентификаторы және event-мәжіліс паролін, кіру коды енгізіңіз:

10:00 event-мәжіліс  2514 047 1885 пароль 1234

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0eaa32ff7cd33933a46a907f70768c75

12:00 Zoom жиналысына қосылыңыз

Конференция идентификаторы: 920 3229 5617 Кіру коды: 1234 

https://zoom.us/j/92032295617?pwd=cEZ4WStrSW91OVZ3aDRla09JL0M4dz09

14:00 event-мәжіліс  2512 889 4898 пароль 1234

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e4b9a81c2b90b3855d8e13996940c0172

16:00 Zoom жиналысына қосылыңыз

 Конференция идентификаторы: 999 4773 1126 Кіру коды: 1234

https://zoom.us/j/99947731126?pwd=dTYrQVpGVHk4RHFKNDNPU2F3Tmg1QT09.

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы