Меню

Страницы

Статья

Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ

Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ

               "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін  жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды.

         Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қор GitHub сайтындағы құжаттарда белгісіз тұлғалар орналастырған БЖЗҚ базасынан қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуы туралы ақпараттың желіде таралуына байланысты мұның шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. 

                Барлық сұрақтарға жауап алуға және ақпаратты тексеруге БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да: enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы,1418 байланыс орталығының нөміріне , сондай-ақ, WhatsАрp арқылы көп арналы тегін байланыс нөміріне +7 777 000 1418 қоңырау шалу арқылы, Instagram және "Twitter", "Facebook", "Одноклассники", Telegram сияқты танымал платформалардағы БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы қол жеткізуге болады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
05 апреля 2024
Дата обновления
05 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы