«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ 2022-2024 жылдар аралығы кезеңіне

«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ 2022-2024 жылдар аралығы кезеңіне

Анықтама

       

Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, тұрғын үй қорын басқару, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою және авариялық (ескі) тұрғын үйлерді бұзу мәселелері бойынша функцияларды орындайды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

 

Басқарманың тұрғын үй заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебін алты санат бойынша жүргізеді.

Бүгінгі таңда елордада әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 38 587 азамат тұр, олардың ішінде:

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2 553;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар - 6 994;

- халықтың әлеуметтік осал топтары 17 571;

-мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер - 11 397;

-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар - 72.

2022 жыл мен 2024 жыл аралығы кезеңінде Тұжырымдама шеңберінде (бұрын - Нұрлы жер бағдарламасы) 6053 пәтер берілді, оның ішінде:

- 2022 жылы - 1 829 пәтер (241 - жалға беру, 1588 - кредиттік).

- 2023 жылы - 1 677 пәтер (110 - ХӘОТ үшін сатып алу құқығынсыз жалға беру, 605 - несиелік, 770 - жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға беру, 192 - «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде).

- 2024 жылы - 2 547 адам (1 803 - ХӘОТ үшін сатып алу құқығынсыз жалға беру, 294 - кредиттік, 155 - «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде; «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша 295 пәтер).

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢАРТУ

 

АВАРИЯЛЫҚ «ЕСКІ» ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БҰЗУ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Астана қаласында тұрғын үй қорын жаңарту жобасы іске асырылуда (авариялық тұрғын үйді бұзу).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен Астана қаласының авариялық тұрғын үйлерін жаңарту және жаңғырту бағдарламасы бекітілді, оның шеңберінде авариялық тұрғын үйлерді бұзу және азаматтарды көшіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу тетігі айқындалды.

        2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасына сәйкес 4 710 пәтерлік 206 авариялық үйдің тұрғындарын көшіру белгіленді («Сарыарқа» ауданы - 82 үй, «Байқоңыр» ауданы - 104 үй, «Алматы» ауданы - 15 үй, «Есіл» ауданы - 5 үй).

        Бұзуға жататын авариялық үйлердің тізімі Басқарманың сайтында жарияланды, танысу үшін сілтеме https:// https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh.

        2023 жыл - 4 авариялық үйдің тұрғындары 251 пәтерге көшірілді (Дүкенұлы к-сі, № 21 үй, І.Есенберлин к-сі, № 6 үй, Әл-Фараби даңғылы, 35/9 үй (бұрын Угольный тұйық көшесі, № 12 б үй, Марков көшесі, № 2 үй).

        2024 жыл - 33 авариялық үйдің тұрғындары 704 пәтерге көшірілді («Сарыарқа» ауданы - 16 үй, «Байқоңыр» ауданы - 9 үй, «Алматы» ауданы - 4 үй, «Есіл» ауданы - 1 үй, «Сарайшық» ауданы - 3 үй).

 

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН АЛЫП ҚОЮ

 

        Әлеуметтік объектілердің (мектептер, ауруханалар, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастыру) құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою шеңберінде 2022 жыл мен 2024 жыл аралығы кезеңінде жалпы ауданы 152,12 га 1 649 жер учаскесі алынды.

        - 2022 ж. - 577 бірлік - 52,49 га.,

        - 2023 ж. - 625 бірлік - 56,3 га.,

        - 2024 ж. - 447 бірлік - 43,33 га.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ

 

         Елорданың тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде 2022-2024 жылдар аралығы кезеңінде 73 КТҮ күрделі жөндеу және 95 бірлік лифт жабдығын ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды:

         - 2022 жылы – 24 КТҮ, лифттер 36,

         - 2023 жылы – 26 КТҮ, лифттер 29,

         - 2024 жылы – 23 КТҮ, лифттер 30.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ САЛА

 

        Елордада 3 358 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) бар.

        Оның iшiнде 3 069 КТ МИБ-қа не ҚС-ға өтуге тиіс, қалған 289 КТҮ шағын отбасылық жатақханаларға, ведомстволық, авариялық және МИБ не ҚС құру мүмкiн емес басқа да үйлерге жатады.

        2022-2024 жылдар аралығы кезеңінде 699 КТҮ-де 627 МИБ құрылды.

        - 2022 ж – 308 КТҮ-де  208 МИБ,

         - 2023 ж – 173 КТҮ-де 148 МИБ,

         - 2024 ж. – 218 КТҮ-де - 199 МИБ.

         Жергілікті атқарушы орган тарапынан МИБ институтын енгізу реформасын түсіндіру бойынша барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануда.

        Сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметі, МИБ құру, ортақ мүлікті күтіп ұстау және т.б. мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.

 

 

ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ.

 

Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау шеңберінде (0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан жоғары су қыздыру температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылытатын қазандар), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, арқанды жолдар, фуникулерлер, лифттер), 2022 жыл мен 2024 жыл аралығы  кезеңінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

  1. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға беру алдында куәландыру:

        - 2022 ж. - 3421 лифт; қысыммен жұмыс iстейтiн 43 ыдыстар; 8 қазандық,

         - 2023 ж. - 3011 лифт; қысыммен жұмыс істейтін 120 ыдыстар; 116 қазандық,

         - 2024 ж. - 2716 лифт; қысыммен жұмыс iстейтiн 93ыдыстар; 18 қазандық.

 

  1. 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және «Оңтүстік-Шығыс» ГЖС және «Тұран» ГЖС қауіпті техникалық құрылғыларын куәландыру:

        - 2022 ж. - 63 бірлік,

         - 2023 ж. - 112 бірлік,

         - 2024 ж. - 96 бірлік.

 

  1. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу:

        - 2022 ж. - 10 бірлік,

         - 2023 ж. - 5 бірлік,

         - 2024 ж. - 16 бірлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

Қызмет атауы

 

2022

2023

2024

 

Есепке қою және кезектілік

 

қанағаттандырылды

бас тартылды

қарауда

 

16 733

 

3 973

12 760

 

15 200

 

3 434

11 766

 

18 252

 

6 002

11 630

620

Тұрғын үй сертификаттарын беру

 

930

374

190

Тұрғын үйлерді жекешелендіру

қанағаттандырылды

бас тартылды

644

602

42

559

513

46

697

648

49

Қауіпті құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

қанағаттандырылды

- лифтілер

- қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстар

- газ құбырлары

бас тартылды

 

3 729

 

1 332

1 273

44

 

15

2 397

3 599

 

1 368

1 321

26

0

21

2 231

2296

 

1488

1442

46

-

808

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу

қанағаттандырылды

бас тартылды

 

49

154

 

 

 

 

 

52

102

89

 

 

 

 

 

46

43

 

 

 

 

 

«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ 2022-2024 жылдар аралығы кезеңіне
Дата публикации
25 февраля 2025