Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20536 болып тіркелді.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-23) тармақшаларына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі
Ескерту. Тәртібі жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.11.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт – мүліктің меншік иелері бірлестігі/кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектері мен инженерлік жабдықтарын жаңасына немесе неғұрлым берік және үнемдісіне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
3) жинақтаушы жарналар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары;
4) көппәтерлі тұрғын үй мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелерінің бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, пәтерлердің, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
5) оператор – мамандандырылған уәкілетті ұйым;
6) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жиналыс қабылдаған, хаттамамен ресімделген шешімдер сотта даулы және өзге де мәселелерді қарау кезінде құжат болып табылады.
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы;
2) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдау туралы;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы келісу туралы;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мерзімі туралы шешімдер қабылдайды.
2-тарау. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы.
Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жарналарды төлейтін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың әрбір меншік иесі өзіне тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орнынына, қоймаға жинақталған ақша туралы ақпарат алады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, кондоминиум объектісін басқару субъектісі, үй кеңесінің мүшелері қол қойған жинақ шотында жинақталған ақшаны мақсатты пайдалану актісі ресімделеді, оған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісі, төлем сомасы мен күні, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төленген және алынған фактісін растайтын бастапқы бухгалтерлік құжаттардың атауы мен деректемелері көрсетілген төлемдер тізілімі (шетел валютасындағы аударымға өтініштер, кіріс кассалық ордерге түбіртектер, фискалдық чектер, тауар чектері, қабылдау-тапсыру актілері, жүкқұжаттар, жүк кедендік декларациялары) қоса беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
Қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді және орталықтандырылған жинақ ақпараттық жүйесінде қорытынды ақпаратты толтырады.
Мемлекеттік бюджет есебінен күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды.
Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы мынадай мәселелер бойынша:
1) мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің лифттерін жөндеуге (ауыстыруға) арналған, жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңдардың осы кондоминиум объектісінде орналасқан барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңдарының сомасына қатынасымен айқындалатын, әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін шығыстар сомасын бекіту туралы;
3) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражатты 7 жылдан 15 жылға дейін қайтару мерзімі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және өзге де дербес деректер, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетілген дауыс беру парағы (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың дауыс берген меншік иелерінің тізімі) тұрғын үй заңнамасына сәйкес ресімделеді, сондай-ақ жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес ресімделетін әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі тігіліп, нөмірленеді.
Бұл ретте, конкурсты өткізбестен, осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес пайдаланылатын Оператордың қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жобалау ұйымының пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің айқындауына жол беріледі.
Бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде тапсырыс беруші елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеуге шығыстарды көздемейді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге III санаттан төмен емес, ал лифт жабдығын ауыстыру үшін лифт жабдығын ауыстыру және орнату бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды тиісті аттестаттаудан өткен лицензияның болуы;
2) салық берешегінің болмауы;
3) борышкерлердің бірыңғай тізілімінде борышкер мәртебесінің болмауы.
Мердігер ұйым кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, лифтілерді жөндеу (ауыстыру) жұмыстарын шартқа қатаң сәйкестікте орындайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
34-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 81 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жұмыстың ең аз түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын түрде орната отырып, тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндігін ескере отырып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта құру;
2) жұмыстың ең көп түрі – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын, үйге ортақ инженерлік желілер мен өрт қауіпсіздігі жүйелерін міндетті түрде орната /қайта жабдықтай отырып, шатыр, кіреберіс, жертөле, қасбетті жөндеу, лифт жабдықтарын (бар болса) жөндеу (ауыстыру), сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндігін ескере отырып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта құру.
Лифт жабдығына (бар болса), жертөлеге (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу (ауыстыру) жүргізу, сондай-ақ пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысында қабылданған жекелеген жұмыс түрлері жоғарыда жазылғандарға жатпайды.
Лифтіні ауыстыру (жөндеу) бойынша шығыстарды төлеуді көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.09.2025 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бюджет қаражатын, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражатты қайтаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс хаттамасына қоса беріліп отырған есепке сәйкес соманы толық өтеу жолымен қамтамасыз етеді.
|
|
Кондоминиум объектісінің |
Әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі
20____ жылғы "____"_______
Көппәтерлі тұрғын үйдің (бұдан әрі – КПТҮ) орналасқан жері:
мекенжайы:________________________________________________________
КПТҮ жалпы ауданы _______ м2
КПТҮ пайдалы алаңы ______ м2
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы сома ____________ теңге;
Қайтару мерзімі _____________ ай.
|
№ |
Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Пәтер |
Пәтерге шағылған шығыстар сомасы, барлығы, теңге* |
Оның ішінде ай сайын, теңге** |
Тұрғын емес үй-жай |
Тұрғын емес үй-жайға шағылған шығыстар сомасы, барлығы, теңге |
Оның ішінде ай сайын, теңге |
||
|
№ |
Пайдалы алаңы, м2 |
№ |
Жалпы ауданы, м2 |
||||||
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы сома / КПТҮ пайдалы алаңы = КПТҮ 1 м2
Пәтердің пайдалы алаңы х КПТҮ 1 м2 = Пәтерге жұмсалатын шығыстар сомасы, барлығы, теңге
** Пәтерге жұмсалатын шығыстар сомасы қайтару мерзімі = ай сайын, теңге
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК