Астанa қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтама

Астанa қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтама

 

Астана қаласы                                                                             19.06.2026 жылғы

 

         Басқарма – коммуналдық тұрғын үй қоры тұрғын үйді беру және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқарудың жеке функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.                                

        Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

     2) Басқарманың ұйымдастырушылық-құқықтық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Алдыңғы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Басқарма басшысының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 03-07/71/1  бұйрығы негізінде жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары:

  1. Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Басқарма қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілері негізінде жүзеге асырады, оның ішінде:

          -  Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

          - Қазақстан Республикасы «Архитектуралық, қалақұрылыстық және құрылыс қызметі туралы» Заңы;

          - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі             № 736 «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қаулысы;

          -  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 «Астана қаласының авариялық тұрғын үйлерін жаңғырту және қайта жаңарту бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы;

          - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою ережелерін бекіту туралы»;

         -  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережелерін бекіту туралы» Қаулысы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру мемлекеттік қызметін көрсету ережелерін бекіту туралы»;

        - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы «Қауіпті өндірістік нысандар мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару ережелерін бекіту туралы»;

        - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 182-748 «Көппәтерлі тұрғын үйлердің фасадтарын, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы»;

        - Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 347/46-VIII «Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санатын анықтау туралы» шешімі, сондай-ақ басқа нормативтік-құқықтық актілер мен Басқарма Ережесі.

         Аталған нормативтік-құқықтық актілерді қолдану барысында заңдық бұзушылықтар, нормалардың қайшылықтары, кең дискрециялық өкілеттіктер және түзетуді қажет ететін басқа тәуекелдер анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын қолдану барысында тәуекел анықталды (соттың құқық қолдану практикасы бөлімін қараңыз).

       

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-құқықтық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        1) Қызметкерлерді басқару, ұйымдастырушылық қызмет.
Астана қаласы әкімінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №1-15 өкімі негізінде «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ құрылымына өзгерістер енгізілді. Штат саны – 31 бірлік. Қазіргі уақытта екі бос лауазым бар.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

   

    2) Мүдделер қақтығысы реттеу

         Басқарма мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын бақылау мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді – есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, шектеулердің бұзылуы және мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

          3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету                                                             

          2025 жылғы мамыр мен 2026 жылғы мамыр аралығында 5294 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– тұрғын үй сертификаттарын беру – 234;

– мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 1656;

– қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 2942;

– қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою бойынша жобалық құжаттаманы келісу – 462.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұрғындар арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
          Халықты мемлекеттік қызметтердің тәртібі және Басқарманың қызметі туралы хабардар ету мақсатында ғимаратта, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тоқтату туралы сенім телефондарының көрсетілген ақпараттық стендтер орналастырылған.
         Азаматтардың қатысуымен Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі Басқарманың ресми парақшаларында тұрақты түрде тікелей эфирлер өткізіледі.
         Басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh?lang=kk сайты, сондай-ақ қалалық әкімдіктің бағынышты ұйымдарының сайттары, оның ішінде КММ «Тұрғын үй қоры» сайты бар, оларда мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі туралы барлық өзекті ақпарат орналастырылған.

         Басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» арнайы бөлімі жұмыс істейді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстары, нормативтік-құқықтық актілер, ведомстволық жоспарлар және талдау нәтижелері орналастырылған.
          Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде ақпарат алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен деректерді сұратуға жол берілмейді.
         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

         4) Тұрғын үй даулары бойынша сот практикасы

         ​ҚР ӘРПК нормалары шеңберінде азаматтардың әкімшілік талап қоюларына негізделген ауқымды құқық қолдану практикасы жалғасуда.

​Сотта ең жиі шағымданатын әкімшілік рәсімдер мен актілер:

​жалдаушының отбасы мүшесі деп тану;

​мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, ұзарту;

​тұрғын үйді жекешелендіру;

​бұзуға байланысты тұрғын үй беру (реквизиция, реновация);

​банктерден қайта қаржыландырудан бас тарту алған қарыз алушылардың шағымдарын қарау;

​тұрғын үй инспекциясының тексеру іс-шараларын жүргізуден бас тартуларына дауласу.

​2025 жылдың 2-жартыжылдығындағы әкімшілік даулардың статистикасы:

​қанағаттандырылған талап қоюлар – 11 (57 %, 2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 18, қанағаттандырылу деңгейі 38 %);

​қанағаттандырудан бас тартылғандар – 7 (36 %, 2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 14, қанағаттандырылу деңгейі 29 %);

​қайтарылған талап қоюлар – 18 (42,2 %) (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 20);

​медиациялық келісімдер жасалғандар – 1 (5 %, 1-жартыжылдықта - 15, үлесі 32 %).

​жеке ұйғарымдар – 1.

​2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы әкімшілік даулардың статистикасы:

​қанағаттандырылған талап қоюлар – 13 (28,8 % (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 18);

​қанағаттандырудан бас тартылғандар – 11 (24,4 %) (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 14);

​қайтарылған талап қоюлар – 19 (42,2 %) (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 20);

​медиациялық келісімдер жасалғандар – 2 (4,4 %) (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 15);

​жеке ұйғарымдар – 3 (2025 жылдың 1-жартыжылдығында - 5).

​Сонымен қатар, шығарылған келесі құжаттардың негізінде:

​Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 7 сәуірдегі Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 27 наурыздағы тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруден бас тарту туралы шешіміне дауласу және қолайлы акт шығаруға мәжбүрлеу туралы Күлзада Найманқызы Байбусенованың талап қоюын қарау кезінде заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша шығарылған жеке ұйғарымы, ​ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің азамат Р.Ш. Шамсутдиновтың «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде туындаған мәселелерге қатысты шағымы негізінде енгізілген 2026 жылғы 17 маусымдағы бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы ​бойынша келесі тәуекел анықталды: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы алдын ала шешім бойынша тыңдау рәсімдерінің жүргізілмеуі.

​Осылайша, шығарылған жеке ұйғарымға сәйкес:

​«Жауапкерлердің ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілерді (дауланып отырған қаулыларды) қабылдағанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, талап қоюшыларға қатысты әкімшілік рәсімнің қатысушылары ретінде алдын ала шешімдерге (жобаларға) өз ұстанымдарын білдіру мүмкіндігі мақсатында міндетті тыңдау рәсімін (ӘРПК-нің 73-бабы) жүргізбегені анықталды.

​Осылайша, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының күшіне байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

​Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталуға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.

​Заңнама нормалары талаптарының мағынасынан кез келген ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдау алдында әкімшілік орган тарапқа өз ұстанымын білдіруге мү

«Басқарма Кодексте және Қағидаларда көзделген көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ тыңдау рәсімін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешімге қатысты өзінің ұстанымын білдіру мүмкіндігін беруді қамтамасыз етпеген».

​Сонымен қатар, келесі құжаттарға сәйкес:

​Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына,​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына,​Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдау – жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) құзыретіне жатады. Астана қаласында бұл функцияны Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясы жүзеге асырады.

​Қағидаларға сәйкес, тұрғын үй комиссиясы өтініш беруші Қағидалардың 15-пунктінде көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды шығарады.

​Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген кезде тұрғын үй комиссиясының құрамы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жасақталады. Тұрғын үй комиссиясының мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе биометриялық аутентификация арқылы порталға кіру арқылы дауыс беруге қатысады. Шешім порталда электрондық дауыс беру арқылы қабылданады.

​Шешім қабылданғаннан кейін жүйеде тиісті мәртебе көрсетіледі, ал бас тартылған жағдайда — бөлек вкладкада (бетте) бас тартудың себебі көрсетіледі. Аталған хабарлама өз мазмұны бойынша уәжді бас тарту болып табылады.

​Сондай-ақ, порталда тыңдау жүргізу мақсатында көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешімді жіберудің техникалық мүмкіндігі жоқ («e-Otinish» порталының функционалына қарағанда).

​Сонымен қатар, тыңдауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі. Осылайша, ҚР ӘРПК-нің 73-бабы 2-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес, егер шешім әкімшілік орган немесе лауазымды адам әкімшілік қалау құқығына ие болмайтын автоматтандырылған процесс шеңберінде қабылданса, тыңдау жүргізілмеуі мүмкін.

​Қарастырылып отырған жағдайда:

​мемлекеттік қызмет автоматтандырылған процесс шеңберінде электронды түрде көрсетіледі;

​Басқарма әкімшілік қалау құқығына ие емес, өйткені шешім алқалы орган — Тұрғын үй комиссиясымен қабылданады және қабылданатын шешімнің мәні Комиссия дауыс берген сәтке дейін Басқармаға мәлім емес және мәлім болуы мүмкін емес.

​Осылайша, біздің ойымызша, аталған қағидаларда көзделген тәртіп ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес келмейді.

​Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында, аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдаған органға – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен шығу ұсынылады.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыр

Басқарма рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Қадағалау функцияларын жүзеге асыру

             2025 жылғы мамыр мен 2026 жылғы мамыр аралығында тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 168 тексеру іс-шарасы өткізілді.

Қалада 3636 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 3291 үй МИБ немесе ЖС құруға жатады.

Қазіргі уақытта 1614 үйде 1432 МИБ және 800 жай серіктестік құрылған. Жаңа басқару нысандарына өткен үйлер саны – 2390 немесе 73%.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Басқарманың бюджетін жоспарлау және орындау

          Басқарманың бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің                        67-бабы негізінде жоспарланады.
          Бюджет Басқарманың даму жоспарлары мен қызметіне сәйкес қалыптасады.
           Көрсетілген қаржы толық көлемде және уақытылы игерілді:
           2020 жыл – 10,2 млрд теңге (100%)
             2021 жыл – 8,4 млрд теңге (100%)
             2022 жыл – 18,7 млрд теңге (100%)
             2023 жыл – 23,1 млрд теңге (100%)
             2024 жыл – 45,8 млрд теңге жоспарланды, 39,9 млрд теңге игерілді (87,1%)

             2025 жыл – 48,8 млрд теңге (100%)

           Ағымдағы жылы қаржыландыру – 45,2 млрд теңге.
               Анықтамалық:

  • Басқарма аппаратын ұстауға – 815,4 млн теңге.
  • Апатты тұрғын үйлерді бұзуға – 362,4 млн теңге.
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға – 2,0 млрд теңге, оның ішінде: Басқармаға – 0,3 млрд теңге, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не – 1,7 млрд теңге.
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге – 1,8 млн теңге.
  • Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына – 720,8 млн теңге, оның ішінде: Басқармаға – 717,3 млн теңге, Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не – 3,5 млн теңге.
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на бюджеттік кредит беруге – 3,8 млрд теңге.
  • Ортақ мүлікті техникалық тексеруге және кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындауға – 22,3 млн теңге.
  • Жер учаскелерін алып қоюға – 12,7 млрд теңге (жергілікті бюджет қаражаты есебінен).
  • Апатты тұрғын үйлер иелерін көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға – 20,0 млрд теңге.
  • Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерге – 250,0 млн теңге.
  • Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын күрделі жөндеуге – 2,4 млрд теңге.
  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға – 1,5 млрд теңге.
  • Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге – 650,0 млн теңге..

          Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

          Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған жаңадан қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, Басқарманың 2026 жылғы 21 қаңтардағы №03-07/11 бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

          Ведомстволық басқаруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыратын бес ведомстволық бағынысты ұйым бар:

  • КММ «Тұрғын үй қоры»;
  • «Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мүлік» ШЖҚ МКК;
  • «Астана-Өрнек» ЖШС;
  • «Өркен қала» ЖШС;
  • «Пәтер бюросы» АҚ (тарату процесі басталды).

          

          Астана қаласы әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік секторға жататын ведомстволық бағынысты ұйымдарда комплаенс-қызметтер құрылған немесе қолданыстағы бөлімшелерге осы өкілеттіктер жүктелген.

 

№

Ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік ұйымдардың атаулары

Жауапты адамның толық аты-жөні

1

«Өркен қала» ЖШС

Махметов Кайрбек Мусиевич комплаенс офицер 870515447019

2

«Астана-Өрнек» ЖШС

Ахметова Гульгайша Аскаровна,  комплаенс-менеджер, 87051962272, 87758128561

3

«Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мүлік» ШЖҚ МКК;

Базаров Талгат Женисбаевич, главный специалист отдела правового обеспечения по изъятию земельных участков,

87012884917

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Астана қаласы әкімінің аппараты бекіткен кестеге сәйкес комплаенс қызметтері тарапынан жүргізіледі.

           ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР:

– жолданған сұраулар бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

 

– проблемалық мәселелерді түгендеу жұмыстарын жалғастыру;

 

– азаматтардың құқықтарының бұзылу тәуекелдері анықталған жағдайда оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

 

Тушинская Алеся Сергеевна

 

Пивоварова Светлана Александровна

 

Сикимова Зарема Маратқызы

 

Сабырғалиев Талгат Сабырғалиұлы

 

Ахметов Ербол Шарипбекович

 

Бектанов Рахымжан Қалиұлы

 

 

 

Астанa қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша аналитикалық анықтама
Дата публикации
19 июня 2026