«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саяса басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер), интернет-ресурстардың, телеарналар және радиарналардың арасында жергілікті деңгейде Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік, 11 мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе 529, 2022 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік, 11, 539 каб. мекенжай бойынша 2022 жылғы 3 қазан сағат 16.00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
2022 жылғы Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізімі