Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Аталған конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурска қатысу үшін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысының Қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyliotbasy2022_ns@mail.ru (pdf форматында). Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 01, 8 7172 55 67 08.

Дата публикации
15 мая 2022
Дата обновления
15 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы