Байқау бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында (бұдан әрі-БАҚ) Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратыруға бағытталған ең үздік журналистік жұмысты анықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелерін жариялайтын журналистер қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 1 қарашасы аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) қабылданады. Ұсынылатын материалдар санына шектеу қойылмайды (егжей-текжейлі Ережеде жазылған).
Ұсынымдар а.ж. 22 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ, Бейбітшілік, 11, байланыс телефон: 55 67 09, 55 67 14 немесе konkurs_smi@inbox.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша Байқаудың ережесі беріледі.