Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 16 қараша күні сағат 11.00-де Астана қаласы «Жерұйық» паркінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі 1941 жылдың күзінде Дубосеково станциясының түбінде қазақстандықтардың жаппай ерлік көрсетуінің 82-жылдығына орай генерал-майор И.В.Панфилов пен 28 батыр-панфиловшылар мемориалына гүл шоқтарын қою Салтанатты рәсімі өткізіледі.

Іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне Астана қаласы әкімдігі мен Қорғаныс министрлігі өкілдері, Ұлы Отан соғысы тыл ардагерлері, Қарулы Күштердің, Ауған соғысы мен жергілікті қақтығыстар ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары және «Жас сарбаз» жасөспірімдер ӘПК тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылар мен қала қоғамдық ұйымдары, ҚР ҚМ Әскери колледж ұландары, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, қала тұрғындары қатысады.

Қатысушылардың жалпы саны – 350 адамнан астам.

Өткізу орыны: Астана қаласы, «Жерұйық» паркі.

Басталу уақыты: 2023 жылғы 16 қараша күні сағат 11.00-де

Дата публикации
15 ноября 2023
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы