Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС - АНОНС

19 қазан күні «Ізгілік Жаршысы Әз Мұхаммед ﷺ» Мәуліт кеші өтеді

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қазан айының 19-жұлдызында елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед ﷺ» рухани Мәуліт кеші өтеді.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен тәлім-тағылымы жырланып, сансыз салауаттар жолданатын сауапты кеште түрлі сахналық қойылымдармен қатар, ғибратты насихат айтылып, ән мен жырдан шашу шашылмақ.

Айтулы кешке елімізге белгілі өнер жұлдыздары және Астана қаласы театрларының, атап айтқанда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Жастар және Аstana Musical театрының актерлері өз өнерлерін паш етіп, түрлі тақырыптардағы қойылымдар ұсынады.

Кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Дін мен дәстүр» мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер сахна төрінде марапатталатын болады.

Мәуліт кешінің билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа арналып, кеш соңында 10 адамға «Мәуліт сыйлығы» беріледі.

 

Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы (Тәуелсіздік даңғылы, 57)

Күні және уақыты: 19 қазан, 19.00.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласыңыз:

+7 778 646 73 99

 

Дата публикации
19 октября 2023
Дата обновления
19 октября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы