Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 22 маусымда Барыс-Аренада Астана қаласы мектептерінің түлектері үшін ең ауқымды «Елорда мақтанышы» мектеп бітіру кеші өтеді. Іс-шара Елорда түлектерін бір шаңырақ астына біріктіреді, сонымен қатар әр түрлі салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен заманауи ұрпақтың табысты өкілдері өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі.

 

Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы - Мәулен Әшімбаев, Астана қаласының әкімі - Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі және Ғани Бейсембаев, Қазақстан Республикасының Білім министрі құттықтау сөз сөйлейді. «Елорда мақтанышы» мектеп бітіру кеші аясында оқушылар мен талапкерлерге арналған ЖОО-ның көрмесі ұйымдастырылады, онда білім беру мекемелерінің өкілдері оқуға түсу шарттары және бағдарламаларымен таныстырады.

 

Түлектер алдында мотивациялық сөзбен:

 

  • Дәулет Мұқаев, ҚР Парламентінің депутаты;
  • Нұрлан имам Байжігітұлы, имам, дінтанушы, теолог және психолог. «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы;
  • Елена Рыбакина, қазақстандық теннисші, жалғыз разрядтағы Үлкен дулығаның бір турнирінің иегері; бес WTA турнирінің жалғыз разрядтағы жеңімпазы; 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық біріншілігінің Еуропа чемпионы; (бейне құттықтау)
  • Күнсұлу Закария, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғалым, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым Академиясының президенті. COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық инактивациялық вакцинасын әзірлеуші;
  • Серік Сәпиев, саяси қайраткер, боксшы, 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері;
  • Амира Артықбаева, Brown University және Айви лигасынан Dartmouth College, Northwestern University, Williams College, Amherst College, Wellesley College, АҚШ-тағы Colby College, Катардағы Carnegie Mellon Qatar, сондай-ақ Канададағы Британдық Колумбия университеттерінен шақыру алды. Амира Павлодар қаласының NIS тарихында Шырмауық лигасына шақыру алған алғашқы түлегі;
  • Ақтоты Асанова, Қазақстанның ең жас полиглоты. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, француз және испан тілдерін меңгерген. «English with polyglot» тіл курсының авторы сөйлейді.

 

Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастырушылары Ayree, Еркеш Хасен, Ayau, Қазыбек Құрайыш, Amre, Sadraddin, Мирас Жугунусов секілді заманауи қазақстандық орындаушылардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама дайындады.

 

Уақыты: сағат 16:00 (БАҚ өкілдеріне сағат 15:30 кешікпеулерін сұраймыз)

 

Аккредитация үшін мәліметтерді (Толық аты-жөні, аппаратура) 22 маусым сағат 13:00 press@astana.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз. (байланыс нөмірлері: Русланбек 87028445267, Адильбек 87781532517).

 

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы