Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС-АНОНС

«Әлем әйелдермен әсем» мерекелік шарасы

 

2023 жылғы 6 наурызда Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара өткізіледі.

Шараның мақсаты – елорданың дамуы мен гүлденуіне жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтау.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Асима Бимендина, ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова, Бағдат Самединова, Света Айтбаев, елордалық белгілі тележүргізушілер мен журналистер, 2022 жылы өткізілген «Инклюзия ханымы-2022» жеңімпазы, сондай-ақ, басқа да қоғам қайраткерлері мен елорданың дамуы жолында еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылар, ауданның белсенділері, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар мен әр сала өкілдері қатысады.

 Сонымен қатар, шара барысында «Байқоңыр» ауданының алтын құрсақты, көпбалалы аналарына «Алтын» және «Күміс» алқалары салтанатты түрде табысталады. Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметкерлері мен коммуналдық салада еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер әкім Алғыс хатымен марапатталады.

Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін аталған шараға ақпаратты қолдау көрсетуге шақырамыз!

 

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Өтетін орны: Астана қаласы, «Нұр-сәулет» БО (А. Иманов к,13)

 

Қосымша сұрақтар бойынша төменде көрсетілген байланыс нөміріне хабарласаңыздар болады:

87476241644 – Үкілім Амангелді,

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратының баспасөз хатшысы

 

 

 Астана қаласы

 «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы