Меню

Страницы

Статья

Робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионатының БАСПАСӨЗ ХАТЫ

Тақырыбы: Робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық іріктеу чемпионаты.

Чемпионаттың мақсаты: Роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне жұртшылық пен мемлекеттің назарын аудару.

Өтетін орны: №8 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин көшесі - 50)

Мерзімі: 10-11, 18 желтоқсан 2022 жыл, сағ. 10:00

Чемпионат қонақтары: Астана қаласы Білім басқармасының, ІТ университетінің,  «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім және спорттық робототехника Федерациясының және БАҚ өкілдері.

 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес «Роботек»   робототехника мектебімен бірлесе отырып,  желтоқсан айының 10-11 және 18 күндері аралығында робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық іріктеу чемпионатын өткізеді.

«Robotek Grand Tournament» – 10-17 жас аралығындағы оқушылар арасында робототехникадан 7 санат бойынша өтетін республикалық чемпионат.

  1. Робо-сумо (9-12 жас)
  2. Кегельринг-квадро (10-14 жас)
  3. Сызық бойымен жарыс (14-17 жас)
  4. Биатлон — кіші санат (10-14 жас)
  5. Биатлон — жоғары санат (14-17жас)
  6. Эстафета (10-17 жас),
  7. Лабиринт (14-17 жас).

Робототехника бойынша қалалық чемпионаттың іріктеу туры:

10 желтоқсан 2022 ж. (Робо-сумо - 30 команда; Эстафета-27 команда);

11 желтоқсан 2022 ж.  (Кегельринг-квадро – 35 команда; Сызық бойымен жарыс – 35 команда);

18 желтоқсан 2022 ж. (Биатлон кіші/жоғ – 21 команда/11 команда; Лабиринт – 28 команда).

Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ-нен 187 команда қатысады.

Қалалық турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2023 жылғы 4-5 мамырда өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысады.

                                               

Дата публикации
09 декабря 2022
Дата обновления
09 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
25 сентября 2026
Тaпсыpысты opналастыpy туралы ақпараттық хабар
Пайдалы ақпарат
08 января 2026
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тақырыптары бойынша ақпарат
Хабарлама
16 сентября 2025
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар 16.09.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы