«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «___» _________

№ _______________ қаулысына қосымша

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:   Қазақстан   Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:
  • қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастар, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар, тіл саясаты, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаcында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру;
  • саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпаратты жинақтау және дайындау;
  • рұқсат етілмеген наразылық акциялардың алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • алынған деректер негізінде елордадағы қоғамдық-саяси ахуал туралы талдамалы баяндамалар, есептер және қызметтік жазбалар әзірлеу;
  • саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі саласында тәжірибелік ұсынымдарды, негізгі бағыттарды қалыптастыру;
  • Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын сақтауға бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
  • әкім үшін тоқсан сайын реформалар бағыты, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан      мемлекеттің      жаңа      саяси      бағыты» (бұдан әрі – «Қазақстан-2050» стратегиясы) және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) түсіндіру және насихаттау;
  • елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг;
  • муниципалды проблемаларды анықтау, ұсынымдарды жасау, талдамалық баяндамалар дыдайындау;
  • «Қазақстан-2050» стратегиясының, Бағдарламаның, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес заңнамаларының нормаларын сақтау;
  • гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру.
  1. Өкілеттіктері:
  • құқықтары:
    • Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
    • Басқарманың құзыретіне кіретін әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
    • қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларына қатысу;
  • міндеттері:
    • жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
    • Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;
    • әкімге реформалар бағытын, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Бағдарлама және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
  1. Функциялары:
  • мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заңнамалық актілерін, әкімдіктің қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу, тұжырымдамалық құжаттарды дайындауға қатысу;
  • мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  • Басқармадағы іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік жарнамасы мен сыртқы безендіру жағдайының орындалуын бақылау;
  • мемлекеттік мерекелерге, маңызды оқиғалар мен тарихи күндерге арналған іс-шараларға орайластырылған сыртқы безендіру мен әлеуметтік жарнаманы орналастыру бойынша қызметті іске асыру;
  • қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде Нұр-Сұлтан қаласы билігінің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық- саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;

 

 

  • саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
  • саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ беталысын анықтау және болжау;
  • бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;
  • қоғамдық орындарда (саябақтар, шағынгүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;
  • Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;
  • әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы туралы презентациялық-насихаттық басылымдар дайындау;
  • ішкі саяси процестерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;
  • қоғамның тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсынымдар жасау;
  • мемлекеттің идеологиялық міндеттерін орындау аясында Нұр-Сұлтан қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;
  • алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
  • халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту;
  • өңірлік деңгейде этносаралық салада мемлекеттік саясатты жетілдіруге жәрдемдесу;
  • этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсету;
  • этносаралық қатынастардың жай-күйіне мониторинг жасау;
  • келіспеушіліктер мен дауларды шешу, этникааралық қатынастар саласындағы жанжал жағдайларына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру;
  • шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамыту, оның тарихи отанымен байланысын нығайту, сондай-ақ Қазақстанның басқа этностарының тарихи отанымен байланысын дамытуға көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісін елде және шетелде насихаттау;
  • баспа қызметін жүзеге асыру, қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
  • этникааралық қатынастар мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу;
  • қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен келісілген өзара іс-қимылдың бірыңғай бағдарламасын іске асыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;
  • үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;
  • үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы қажетті ақпаратты үнемі сұрау және талдау;
  • үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны іске асыру;
  • «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары туралы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші

басшысының мәртебесі, өкілеттері

 

  1. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лаузамнан босатылады.
  3. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
  • Басқарманың жұмысын басқаруды жүзеге асырады;
  • өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
  • Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
  • Басқарманың қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қолданады;
  • бұйрықтарға қол қояды;
  • Басқарманың құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
  • Басқарманы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұсынады;
  • Басқармада жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
  • Басқарманың жұмыс регламентін бекітеді.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Басқарманың бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
  • «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  • «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Рухани жаңғыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 
   

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
08 февраля 2022