Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Тайжанова Алтын Ермековна
Басшының орынбасары
Общая информация, образование

1988 жылы 11 қыркүйекте Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. 2010 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, 2021 жылы «Есіл» университетін бакалавриат бағдарламасы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын магистр дәрежесімен аяқтаған.

Карьера

Еңбек жолын Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жастар саясаты саласында бастады. Осы жерде маманнан ұйымдастыру бөлімінің басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтіп, жастарға арналған жобаларды жүзеге асырумен, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған, спорттық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырумен айналысты.

Кейін еңбек жолын Астана қаласында жалғастырды. Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында және Астана қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында жұмыс істеді. Әр жылдары инспектор, бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарып, мектеп оқушыларымен, студент жастармен жұмыс, жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелеріне жетекшілік етті.

Кейін кәсіби қызметін Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасында жалғастырып, жастар және қоғамдық саясат мәселелерімен айналысты.

Кәсіби қызметінің маңызды кезеңі елорданың ақпараттық саясатымен байланысты. Елорданың Қоғамдық даму істері басқармасында, кейін Ішкі саясат басқармасында ақпараттық саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Басшылық қызметтерде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс істеуге және елорданың ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруға қатысты.

2026 жылдың 14 мамырынан бастап Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы