"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) орналастыру туралы баспасөз релизі
"Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) жариялағаны туралы хабарлайды.
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4354859&budgetState=APPROVED;
Елорданың басты қаржылық құжатына еңгізілген жаңа өзгерістер туралы Қоғамдық кеңес отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева баяндады.
Жыл басынан бері жалпы өңірлік өнім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға өсіп, 4,2 трлн теңгені құрады.
Экономиканың белсенді дамуы мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 28,8%-ға немесе 550,8 млрд теңгеге өсуін қамтамасыз етті. Алайда корпоративтік табыс салығын төлеушілердің бір бөлігінің республикалық бюджетке берілуіне байланысты түсімдердің негізгі өсімі республикалық бюджет бойынша тіркеліп, 147%-ды немесе 535 млрд теңгені құрады.
Жергілікті бюджет бойынша салықтардың жиналуы өткен жылғы нақты базаға шаққанда 110,1%-ды құрайды. Осыған байланысты ағымдағы нақтылау барысында тек 12,4 млрд теңге көлеміндегі жоспардан тыс салықтық емес түсімдерді пайдалану жоспарлануда.
Бюджеттің тиісті теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы төлемдер бойынша операциялық шығыстардың өсуін ескере отырып, оңтайландыру жұмыстары негізінен даму бюджеті бойынша жүргізілді.
Қосымша шығыстарға бөлінген қаржыландырудың жалпы көлемі 71,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 54 млрд теңгеден астам қаражатты әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және субсидиялауға бағыттау жоспарлануда.
Мектептердегі балалар санының 33 мыңнан астам балаға өсуіне байланысты әлеуметтік сала шығыстарының едәуір бөлігі – 14,7 млрд теңге білім беру жүйесіне бағытталады.
Аталған қаражат оқытушылардың еңбекақысын төлеуге, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға, оқулықтар сатып алуға, жаңа сыныптарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқушылардың қосымша білім алуына жұмсалады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында да әлеуметтік қызметтер алушылар санының өсуі байқалады. Осыған байланысты 5 мыңнан астам мүгедектігі бар адамды және халықтың әлеуметтік осал топтарынан 29 мың азаматты қолдауға 5,8 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Автобус парктерін қосымша субсидиялауды қамтамасыз етуге 15 млрд теңге көзделген. Жылыту маусымына дайындық шеңберінде отын сатып алуға 8 млрд теңге көлемінде шығын қарастырылған.
Аумақтарды күтіп-ұстауға және дамытуға 19,5 млрд теңге бағытталады.
Елорда бюджетіне енгізілген өзгерістер бюджет шығыстарын кіріс бөлігінің нақты қолжетімді мүмкіндіктерін, стратегиялық даму басымдықтарын, қабылданған міндеттемелерді және қызмет алушылар санының өсу динамикасын ескере отырып, теңгерімді бөлуге мүмкіндік береді.
Осылайша, елорда бюджетінің жалпы көлемі 1 трлн 490 млрд 674 млн теңгеге жетеді. Оның ішінде өз кірістерінің үлесі шамамен 90%-ды құрайды.
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) орналастыру туралы баспасөз релизі
"Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) жариялағаны туралы хабарлайды.
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4354859;
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №3 нақтыланған бюджет) орналастыру туралы баспасөз релизі
"Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №3 нақтыланған бюджет) жариялағаны туралы хабарлайды.
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4292520;
004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»:https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4292554. сілтемесі арқылы қолжетімді.
Мәслихаттың кезекті отырысында әлеуметтік салаға, абаттандыру жобаларына, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымға қосымша шығыстар бөлу мәселесі қаралды. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева баяндады.
Айжан Түгелбаеваның айтуынша, қаланың әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін қосымша 47 млрд теңге қажет болды. Халықты қамтудың артуы мен жан басына шаққандағы қаржыландыру шығыстарының өсуінен бөлек, аталған қаражат шеңберінде әлеуметтік және медициналық мекемелерді жөндеу және жарақтандыру, дәрі-дәрмек сатып алу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және басқа да бірқатар бастамалар көзделген.
Қаланың белсенді түрде салынуы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, субсидиялауға, жолдарды жөндеуге және абаттандыру саласындағы жобаларға қосымша қаржыландыруды талап етеді. Бұл мақсаттарға жалпы 46 млрд теңге қарастырылған.
Айжан Түгелбаеваның сөзінше, «қалалық ортаның жайлылығы және аумақтық даму» бағыты бойынша қала аудандарының аумақтарын абаттандыруға, санитарлық тазалауға және көгалдандыруға, оның ішінде ЛРТ-ның жекелеген станцияларын қамти отырып, аудан әкімдерінің аппараттарына қосымша 18,3 млрд теңге бөлінеді.
Жалпы, жүргізілген нақтылауды ескере отырып, жергілікті бюджеттің жиынтық шығыстары шамамен 1,5 трлн теңгеге жетеді (нақты айтқанда 1 трлн 483 млрд теңге).
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
2026 жылғы 10 маусымдағы «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу жоспарлануда.
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобасын орналастыру туралы баспасөз релизі
"Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобасые жариялағаны туралы хабарлайды.
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4292520&budgetState=PROJECT
004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4292554&budgetState=PROJECT
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
2026 жылғы 4 мамырдан 2026 жылғы 17 маусымға дейін «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар елорданың жергілікті бюджетіне бірқатар нақтылауларды қолдады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Әлімқызы Түгелбаеваның айтуынша, «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен іске асыру шеңберінде қала 6,2 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды тартуды жоспарлайды, бұл 7 инфрақұрылымдық жобаны уақытылы аяқтауға мүмкіндік береді.
Жекелеген коммуналдық желілерді салу және реконструкциялау Қосшығұлұлы, Амман, Мұхамедханов, Айтматов көшелерінің, сондай-ақ Эллингтон және Агрогородок белсенді құрылыс аудандарында тұрақты жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 12 жайлы мектептерге желілерді жеткізуді аяқтау, сондай-ақ Үркер тұрғын алабында балабақша ашу рәсімдерін бастауға басымдық тәртіппен қаржыландыру қамтамасыз етілді.