Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат.  Чили тәжірибесі: жетістіктері мен осал тұстары.

Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат.

 Чили тәжірибесі: жетістіктері мен осал тұстары.

 

БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасының эфирінде эксклюзивті сұхбат!

 

 

«Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында әлемдегі ең озық жүйелердің бірі болып есептелген Чили үлгісі бойынша енгізілді», - деген пікір қалыптасқан. Ол 40 жылдан кейін де сол қалпында қала ма? Даму болашағы бар ма? Қазақстан мен Чили зейнетақы жүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Зейнетақы жинақтарын шешіп алудың салдары қандай? Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысу оң нәтиже берді ме?

 БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасының көрермендеріне осы сұрақтардың жауабын бастапқы көзден алу бойынша бірегей мүмкіндік беріледі. Біздің арнада алғаш рет Чили зейнетақы қорлары қауымдастығының президенті Паулина Ясыги өз еліндегі зейнетақы жүйесінің тәжірибесі туралы баяндап береді.

 YouTube-арнадағы сұхбатты қазақ тілінде жасалған субтитрымен орыс және ағылшын тілдерінде тамашалай аласыздар. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 января 2025
Дата обновления
20 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы