Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараты

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараты

 

         2022 жылдың І тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен 6 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер мерзімінде қаралып, өтініш иелеріне заңнамаға сәйкес жауап берілді.

         2021 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Осы сәттен бастап Басқармада «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізілді.

Келіп түскен өтініштердің сипаты мынадай:

- қаржыландыру және бюджет мәселелері;

- экономика және бюджет бойынша семинарлар;

- қайырымдылық;

- жалпы сұрақтар.

Өтініштер бойынша қайтадан және анонимді өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұза отырып, орындалған өтініштер жоқ.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасаудың құрамдас бөлігі Басқарма басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы болып табылады. 2022 жылдың І тоқсанында басшылықтың жеке қабылдауына жазылған азаматтар болған жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараты
Дата публикации
11 апреля 2022