Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Тугельбаева Айжан Әлімқызы
Басқарма басшысы
Общая информация, образование

Түгелбаева Айжан Әлімқызы 1972 жылы 4 сәуірде Ақмола облысының Ерейментау қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін инженер - құрылысшы - технолог мамандығы бойынша, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист – менеджер мамандығы бойынша, 2018 жылы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің магистратурасын іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 1997 жылы Ақмола АЭА Әкімшілік кеңесінің маманы қызметінен бастады. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласының Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің Стратегиялық талдау және даму бөлімі басшысының орынбасары, инвестициялық саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 

2003-2006 жылдар аралығында ҚР Индустрия және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының лицензиялау бөлімінің бастығы, одан кейін 2055 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ішкі әкімшілендіру бастығы болып жұмыс істеді.

2006 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

"ҚР Конституциясына 10 жыл"," ҚР Конституциясына 20 жыл", "Астанаға 10 жыл"," Астанаға 20 жыл"," ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен, "Ерен еңбегі үшін "медалімен және "Кәсіподақ қайраткері" медалімен марапатталды. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы