GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 27, 305-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 55-75-37, digital@astana.kz.

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: ақпараттык технологиялар;

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (юриспруденция) саласындағы жоғары білім.

Мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтінінің болуы.

Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық

және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау;

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;

Қабылданатын шешімдердің орындалуын, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді

пайдаланылуын қамтамасыз ету;

Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік

меншікті тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

Басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарына қол жеткізу мақсатында ең

жаңа технологияларды енгізу үшін жағдай жасау;

Қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін барынша жақсы пайдалануға, олардың еңбегі үшін

қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауға, еңбекті қорғау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына ықпал ету;

Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру,

азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау;

Орталықтың жедел ден қою арналарын пайдалана отырып, қаладағы ірі коммуналдық авариялардың, төтенше жағдайлар мен дағдарыстық құбылыстардың салдарын жою кезінде тәулік бойы үйлестіруді және жедел ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

Киберқатерлер жағдайында ақпараттық қауіпсіздіктің қатаң деңгейін, азаматтардың дербес деректерін қорғауды және Кәсіпорынның аса маңызды деректер базаларының үздіксіз резервтік көшірмесін жасалуын қамтамасыз ету;

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері үшін проактивті ұсынымдар қалыптастыра отырып, қалалық қызметтердің және коммуналдық қызметтердің жұмыс сапасына халықтың қанағаттануына жүйелі мониторинг пен терең аналитиканы ұйымдастыру;

Лауазымдар номенклатурасына сәйкес жүктелген лауазымдық міндеттер аясында мемлекеттік құпиялармен жұмысты жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776дсп қаулиесімен

бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтың, сондай-ақ 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.

Білуге тиіс: Басшы өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын, ӘПК (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен), Кәсіпкерлік кодексімен, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, ҚР Еңбек кодексін, республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының қаулыларын және Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін өзге де заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді білуге және басшылыққа алуға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысуға мына тұлғалар жіберілмейді:
  2. Он сегіз жасқа толмағандар;
  3. Сыбайлас жемқорлық қылмысты бұрын жасағандар;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  5. ҚР Еңбек кодексінің 26-бабында көзделген өзге де шектеулері барлар.
  6. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі фотосуреті бар түйіндеме (резюме);
  • еркін нысанда жазылған автобиография;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, болмаса соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысаны бойынша «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультативтік қорытынды)» анықтамасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  • соттылығының жоқ туралы анықтама (egov.kz сайтынан);
  • адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (egov.kz сайтынан).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталатын күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

  1.  Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін, Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
  2. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізген кезде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің білімі тексеріледі. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығы негізінде айқындалады.
  3. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан дауыстардың қарапайым көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өкілетті деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болуға құқылы, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі. Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
  4. Егер конкурсқа қатысуға конкурс өтінімдері түспесе немесе кері қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурс комиссиясы конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.


Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 27, 3-қабат, 305-кабинет, сондай-ақ электрондық түрде мына электрондық поштаға жіберу керек: digital@astana.kz (анықтама үшін телефондар: 557537).

01 октября 2026
«Ашық бюджеттер» порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) орналастыру туралы баспасөз релизі

«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы»  ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік  бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) жариялағаны туралы хабарлайды.

         Келесі сілтемелер:

     1.001 «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»:

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4366862

  1. 005 «Инновациялық қызметін дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» :

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4366936

  1. 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»:

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4367001

07 июля 2026
АСТАНА AI БАҒЫТЫН КҮШЕЙТУДЕ: ASTANA INNOVATIONS ACCELERATOR БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІНЕ 29 СТАРТАП ӨТТІ

3 шілде күні Alem.AI халықаралық орталығында Astana Innovations Accelerator бағдарламасының үшінші легінің Opening Day іс-шарасы өтті. Бағдарлама AI (ЖИ) және технологиялық стартаптарға идея мен пилоттық кезеңнен елорданың қалалық инфрақұрылымында нақты қолдануға дейінгі жолдан өтуге қолдау көрсетеді.

Биыл бағдарламаға қызығушылық екі еседен астам артты. Түскен 350 өтінімнің ішінен жасанды интеллект, Smart City және цифрлық технологиялар негізіндегі шешімдерді ұсынған 29 стартап іріктелді. Олардың жобалары қалалық өмірдің негізгі бағыттарын қамтиды: көлік және мобильділік, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, экология, туризм, қалалық инфрақұрылым, бизнеске арналған сервистер және ассистивтік технологиялар.

Astana Innovations Accelerator жасанды интеллектті қалалық ортаға іс жүзінде енгізудің маңызды құралдарының біріне айналуда. Бағдарлама аясында стартаптар өз шешімдерін нақты қалалық міндеттерде сынақтан өткізуге, сарапшылармен, қалалық қызметтермен, әлеуетті тапсырыс берушілермен және инвесторлармен жұмыс істеуге, сондай-ақ өнімдерін одан әрі ауқымдауға дайындауға мүмкіндік алады.

«Бүгінде елдер арасындағы бәсекелестік барған сайын өз технологияларын әзірлеу және оларды экономиканың негізгі салаларына жедел енгізу қабілетіне тәуелді болып келеді. Сондықтан біз үшін AI-инфрақұрылымды дамыту ғана емес, сонымен қатар қуатты технологиялық компанияларды қалыптастыру да аса маңызды. Astana Innovations Accelerator идеядан бастап нақты іске енгізуге дейінгі жолды қысқартып, қазақстандық әзірлемелердің экономиканың ажырамас бөлігіне айналуына әрі жаһандық нарықта табысты бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Opening Day іс-шарасы мемлекеттік органдардың, технологиялық компаниялардың, стартап қауымдастығының және Қазақстанның инновациялық экожүйесінің өкілдерін бір алаңға жинады. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев және Presight AI Kazakhstan өңірлік директоры Мақсат Қошымбаев қатысты.

«Бүгінде қала үшін инновацияларды қолдау ғана емес, озық технологиялық шешімдерді нақты нәтижеге дейін жеткізу маңызды. Біз әзірлейтін, қолдайтын және енгізетін барлық жобалар бір мақсатқа бағытталған – тұрғындардың нақты сұраныстарына жауап беріп, қалалық ортаны барынша қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи ету. Astana Innovations Accelerator AI-стартаптардың әлеуетін елорданың нақты міндеттерімен ұштастыруға мүмкіндік береді», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов.

Үшінші лекке қатысушылар акселерациялық бағдарламадан өтіп, сараптамалық сүйемелдеуге, білім беру тректеріне, қалалық инфрақұрылым базасында өз шешімдерін сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар олар өз жобаларын әлеуетті тұтынушылар  мен инвесторларға таныстырады.

Presight AI компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Мақсат Қошымбаев әлемнің түкпір-түкпірінен әлеуетті AI-шешімдерді іздеуге және ауқымдауға бағытталған Presight AI Accelerator жаһандық бағдарламасын таныстырды. Бағдарламаның екінші легіне 62 елден түскен 376 өтінімнің ішінен іріктелген 12 AI-компания енді. Олардың қатарында қазақстандық TrustExam компаниясы да бар. Бұл отандық AI-экожүйесінің жоғары әлеуетін және қазақстандық әзірлемелердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айғақтайды.

«Presight үшін стартаптарды қолдау және AI-экожүйесін дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі. Astana Innovations Accelerator қатысушылары Presight-тің халықаралық сараптамасына қол жеткізіп, біздің жаһандық акселераторымыздың үміткерлер пулының құрамына ене алатынына қуаныштымыз. AI-экожүйесін дамытуда Presight-тің R&D Lab зертханасы да маңызды рөл атқарады. Бұл – озық AI-шешімдерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және пилоттық іске асыруға арналған алаң», – деді Мақсат Қошымбаев.

Биыл бағдарлама практикалық бағытты күшейтіп, AI және технологиялық шешімдерді пилоттық кезеңнен қалалық ортаға нақты енгізуге басымдық береді. Үздік жобалар Қытай, АҚШ және БАӘ-дегі серіктес акселерациялық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болып, жаңа нарықтарға шығуға, халықаралық сарапшылармен жұмыс істеуге, инвесторлармен байланыс орнатуға және жаһандық технологиялық экожүйелерге қол жеткізе алады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және «Astana Innovations» АҚ бірлесіп жүзеге асырады. Серіктестері – Silkroad Innovation Hub, Presight AI Kazakhstan және Khan Tengri Innovation Hub.

Іріктеуден өткен стартаптар қатарында:

  • QOLDAM – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы берешекті өндіріп алуды автоматтандыруға арналған цифрлық платформа.
  • Seer Labs (Seer City) – қалалық инфрақұрылымдағы апаттарды болжауға және тәуекелдерді анықтауға арналған AI-платформа.
  • ZhanCare.AI – пациенттің жолын және медициналық сервистерді цифрландыруға арналған AI-платформа.
  • JINAQ – оқушыларға кәсіптік бағдар беру және адами капиталды дамытуға арналған AI-платформа.
  • EpiQ AI – медициналық ұйымдардың шығыс материалдары мен реагенттерге қажеттілігін болжау жүйесі.
  • Neuralese – жасанды интеллект бойынша тәжірибелік оқытуға арналған білім беру платформасы.
  • SkillPass – еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік комплаенсті автоматтандыруға арналған AI-платформа.
  • RIVIXI Enterprise – коммуналдық құбыр желілеріндегі апаттарды мониторингтеу және болжауға арналған AI-платформа.
  • Tengri Adaptive Gateway – қалалық инфрақұрылымдағы деректер ағындарын қорғау және оңтайландыруға арналған интеллектуалды жүйе.
  • OnayOQU – оқушыларға арналған дербестендірілген оқыту AI-платформасы.
  • ParkKing – нақты уақыт режимінде бос автотұрақ орындарын іздеу сервисі.
  • Tanu.AI – мамандық таңдауға және білім беру мен мансаптық траекторияны қалыптастыруға арналған AI-платформа.
  • EZPECS – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуге арналған цифрлық жүйе.
  • UNEET – қалалық жұмыстар мен мердігерлік тапсырмалардың орындалуын цифрлық бақылау платформасы.
  • AIQALAM – оқушылардың жазбаша жұмыстарын автоматты түрде тексеруге арналған AI-платформа.
  • APRIL HUB – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтауға арналған платформа.
  • Astana Dynamics – қалалық инфрақұрылымды патрульдеу және мониторинг жүргізуге арналған роботтандырылған платформа.
  • eFerma – қалалық жәрмеңкелерге арналған фермерлік өнімдерге алдын ала тапсырыс беру цифрлық платформасы.
  • Qurylys Vision – құрылыс барысын мониторингтеуге және құрылыс жұмыстарының орындалуын бақылауға арналған AI-жүйе.
  • NeuroWatch AI – қауіпті және төтенше жағдайларды автоматты түрде анықтауға арналған бейнеталдау жүйесі.
  • PaaS REZVO – бизнесті автоматтандыруға, брондау жүйесіне және CRM-ге арналған бұлтты платформа.
  • DPSY – психикалық денсаулықты мониторингтеуге және психологиялық тәуекелдерді ерте анықтауға арналған AI-платформа.
  • OpenSpot – автотұрақ кеңістігін басқаруға арналған интеллектуалды IoT-платформа.
  • RouteX – жүк тасымалы мен логистиканы басқаруға арналған цифрлық платформа.
  • Úmit – мүгедектер арбасын және цифрлық құрылғыларды қолдың көмегінсіз басқаруға арналған ассистивтік құрылғы.
  • Welcome Platform – туризм саласын талдау және басқаруға арналған цифрлық платформа.
  • TrafficData – көлік ағындарын талдау және жол инфрақұрылымын цифрландыру платформасы.
18 июня 2026
«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік төлқұжаттарды Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ, Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 416/54-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік паспорттардың орналастырылғанын хабарлайды.

Келесі сілтемелер:

1.001 «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»:
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4310394&budgetState=

2. 005 «Инновациялық қызметін дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» :
budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4310454&budgetState=

3. 007 «Халықтың тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»:
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4310487&budgetState=

4. 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»:
budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3678&budgetId=4310499&budgetState=

30 марта 2026
АСТАНА DIGITAL QAZAQSTAN 2026 АЛАҢЫНДА AI ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық технологиялық компаниялар мен сарапшылар қауымдастығының 3 000-нан астам қатысушысын біріктірген Digital Qazaqstan 2026 халықаралық технологиялық форумы өтті. Биылғы форумның негізгі тақырыбы Industry 5.0: The Power of Connection тұжырымдамасы болды, ол адамға бағдарланған, тұрақты әрі өзара байланысты цифрлық экономикаға көшу үдерісін айқындайды.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, цифрлық экожүйелерді қалыптастыру, сондай-ақ қалалық басқару мен өнеркәсіпке инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар жасанды интеллектіні қолданудың практикалық кейстеріне және жаңа экономиканың негізгі ресурсы ретіндегі деректерге аударылды.

Форум жұмысына Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп қатысты. GovTech стенді алаңында қаланың R&D-экожүйесінің негізгі элементі ретінде AI Lab тұжырымдамасы ұсынылды.

AI Lab жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қалалық инфрақұрылымның түрлі салаларына енгізу үшін іздеу, іріктеу, сынақтан өткізу және енгізудің бірыңғай ортасы ретінде қалыптастырылады. Тұжырымдама стартаптармен өзара іс-қимылды, акселерациялық бағдарламаларды өткізуді, пилоттық жобаларды іске қосуды және тиімді шешімдерді кейіннен ауқымдауды қамтитын инновациялармен жұмыс істеудің толық циклін қарастырады. Сонымен қатар, қала мүддесіне қолданылатын технологияларды сараптамалық бағалау мен басымдық беруді қамтамасыз ететін AI-кеңес маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Экспозиция аясында интерактивті форматта елорданың негізгі цифрлық жобаларын және олардың қала тұрғындарының күнделікті өміріндегі қолданылуын таныстырған AI-аватар да көрсетілді.

Форум барысында делегация серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, салалық сессияларға қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің төрағалығымен өткен «Қазақстанның цифрлық өңірлері» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Форум қорытындысы бойынша «Астана Innovations» АҚ жетекші технологиялық және білім беру ұйымдарымен бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, MOST Ventures Fund-пен инновациялар мен жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды дамыту бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, жасанды интеллект және цифрландыру саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен келісім жасалды.

Бұдан бөлек, AI-жобаларды дамыту үшін деректер жиынтықтарын бірлесіп құру және пайдалану жөніндегі әріптестік «NCSPEECH» ЖШС компаниясымен орнатылды. Бұл бағытты іске асыру зияткерлік сервистерді енгізуді жеделдетуге және ұлттық деңгейде цифрлық шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Digital Qazaqstan 2026 форумына қатысу халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және Астана қаласының жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.

13 марта 2026
АСТАНАДА ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ IT-КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Астана қаласында цифрлық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін IT-компаниялар өкілдерімен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Cerebra AI компаниясының қызметкерлері және саладағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде спикерлер ретінде қалалық коалиция мүшелері Ербол Сихимбаев пен Қуаныш Алтынбеков сөз сөйледі. Олар қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің одан әрі дамуы үшін маңызын атап өтті.

Кездесу барысында ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына, азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді талқылауға қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, конституциялық реформаның өзекті бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

10 марта 2026
ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫНДАҒЫ №2 ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Алматы» аудандық филиалының төрағасы Азамат Айтхожин, қоғам қайраткері Фарида Даримова, «Ақжол» партиясының өкілі Жанаргүл Күлмағамбетова, сондай-ақ «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының белсендісі Найля Аппасова қатысты.

Кездесу барысында ХҚКО қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері таныстырылып, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық процестердің ашықтығын арттырудағы маңызы түсіндірілді.

Іс-шара барысында ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына, азаматтардың стратегиялық мәні бар мемлекеттік шешімдерді талқылауға белсенді қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу форматы қатысушыларға сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық реформаның өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік ұйымдар мен еңбек ұжымдарының қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

06 марта 2026
ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шарада спикерлер ретінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері — Танирберген-Дәулет Дулатұлы мен Амангүл Базарова сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық-мемлекеттік үдерістердің ашықтығын арттырудағы маңызы талқыланды.

Сондай-ақ ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына және стратегиялық мәні бар шешімдерді талқылауда азаматтардың белсенді қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу форматы компания қызметкерлеріне сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдары, кәсіби қауымдастықтар және бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

05 марта 2026
ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ IT ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елордадағы №3 мектеп-гимназиясында «Digital MED 365» және «iTeam Solutions Perfect» IT-компаниялары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Талқылауға мектеп педагогтері де қосылып, диалогқа белсенді қатысты.

Кездесудің спикерлері ретінде Астана қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» директоры Динара Уразалина, сондай-ақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері Танирберген-Дәулет Дулатұлы және Чинара Шамсудинова сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық-мемлекеттік процестердің ашықтығын арттырудағы маңызы қарастырылды. Сондай-ақ ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына және стратегиялық мәні бар шешімдерді талқылауда азаматтардың қатысу рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шара форматы қатысушыларға сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. IT-компания өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің маңызды екенін атап өтіп, олардың қоғам тарапынан саналы әрі жауапты көзқараспен қаралуы қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдары, кәсіби қауымдастықтар және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

04 марта 2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ PRESIGHT AI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Presight AI қызметкерлері үшін АХҚО алаңында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Кездесу компания қызметкерлері мен қалалық коалиция өкілдерін конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістерді мазмұнды талқылау үшін біріктірді. Семинар спикерлері ретінде қалалық коалиция мүшелері, соның ішінде Астана қаласы Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Шарипа Устемирова және BELES құрылыс компаниясы бас директорының орынбасары Ербол Сихимбаев сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын, сондай-ақ стратегиялық мәні бар шешімдерді талқылаудағы қоғамдық қатысудың рөлін қарастырды. Сонымен қатар, ашық диалогтың, саналы азаматтық қатысудың және ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін терең түсінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты. Еске салайық, 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтеді, оның аясында әрбір азамат өз таңдауын білдіріп, дауыс бере алады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы