Цифрландыру басқармасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта қала әкімдігі 159 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2020 жылы 7 млн-ға жуық қызмет көрсетілді, оның 6 млн-нан астамы электронды түрде көрсетілді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 5,7 млн.астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 5,4 млн. - ға жуығы электронды түрде көрсетілді. Ағымдағы жылы онлайн режимінде көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң динамика байқалады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттыруға және қазіргі жағдайда азаматтардың уақыт шығындарын қысқартуға, сондай-ақ азаматтар қызметтерді онлайн алуға өтінім бере алатын балама алаң ұсыну арқылы вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
2021 жылға әкімдік басқармаларының ішкі бизнес процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жоспарланған, бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.