2026 жылғы 3 қазан, Астана — «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және профилактика жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Астана – нашақорлықсыз қала» 2026–2028 жылдарға арналған жоспарын іске асыру мақсатында нашақорлықтың профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
2026 жылғы 3 қазанда сағат 10:00-де волонтерлердің қатысуымен сенбілік өткізіліп, онда нашақорлықтың профилактикасы, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және есірткі заттарын қолданудың таралуын болдырмау мәселелері талқыланды.
Басқарма мұндай бастамалардың қала тұрғындарын салауатты өмір салты құндылықтарының айналасына біріктіретінін және есірткіге төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде жалғастырылады.
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2026 жылға арналған №4 нақтыланған бюджет) орналастыру туралы баспасөз релизі
001 «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»:
004 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363281?editable=false
012 «Мемлекеттік органның күрделі шығыны»:
016 «Жасыл белдеу» құру»
017 «Қала абаттандыруды дамыту»
031 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау»
033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды идентификациялау»
034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру»
041 «Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны өткізу»
043 «Тракторларды мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында 31-ші Орталық Азия халықаралық Mining & Metals Central Asia — «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі өтетінін хабарлайды. Көрме Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі салалық іс-шаралардың бірі болып табылады. 2026 жылы көрмеге әлемнің 30 елінен 520-дан астам компания қатысады. Олардың қатарында тау-кен жабдықтарын өндірушілер, заманауи технологияларды жеткізушілер, инвестициялық және инжинирингтік компаниялар бар. Көрме аясында тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібіне арналған заманауи технологиялар мен жабдықтар, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша шешімдер ұсынылады:өндірістің тиімділігі мен өнімділігін арттыру; ресурстарды үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету; заманауи табиғатты қорғау технологияларын енгізу; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Сала кәсіпорындары мен мүдделі мамандарды заманауи технологиялық шешімдермен танысуға, практикалық тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту және табиғатты қорғау қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған көрмеге қатысуға шақырамыз. Көрме 22-ші Қазақстан халықаралық KAZCOMAK — «Жол-құрылыс техникасы» көрмесімен қатар өткізіледі. Аталған көрмеде жол және құрылыс салаларына арналған заманауи техника мен жабдықтар ұсынылады.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 16–18 қыркүйек
Өткізілетін орны: «Атакент» көрме орталығы, Алматы қаласы.
Көрмеге қатысу кәсіпорындарға саладағы озық шешімдермен танысуға, сондай-ақ оларды өндірістің тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік береді.
«Астана — есірткісіз қала» жоспарын 2026–2028 жылдарға арналған іске асыру аясында Басқарманың мемлекеттік қызметшілері үшін нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға, салауатты өмір салтына жауапты қарауды қалыптастыруға және есірткі құралдарын қолданудың таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғаты пайдалану басқармасы есірткіге қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
2026–2028 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» жоспарын іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана ветсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында кәсіпорын қызметкерлеріне арналған арнайы семинар өткізілді.
"Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобасы жариялағаны туралы хабарлайды.
001 «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4312074?editable=false
004 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4310791?editable=false
007 «Қаланы абаттандыру және көгаландыру»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4310971?editable=false
014 «Эпизотияға қарсы іс-шаралар өткізу»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4311032?editable=false
017 «Қала абаттандыруды дамыту»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4310971?editable=false
021 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4311331?editable=false
025 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4311356?editable=false
031 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4311425?editable=false
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарлама «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ
2026 жылғы 02 маусымдағы №103 бұйрыққа сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу туралы», сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын (СЖТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылғы қызмет бойынша СЖТ нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлаймыз 1 шілде 2026 жылы.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды СЖТ нәтижелерін талқылауға қатысуға шақырамыз.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауына қатысты сұрақтар бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 (702) 666 4139 (жауапты тұлға: «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ заңгері Дарибаева Гульнур).