Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

2026 жылғы 23 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Өткізілетін мекенжайы: Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Мәдени – демалыс орталығы.

Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарын өз бетінше басқару және invest.enpf.kz порталын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының толық көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі мен осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz инвестициялық порталы таныстырылып, түсіндіріледі. Сонымен қатар, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушыларды қызықтыратын және өзекті басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке ақыл-кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» офлайн форматта  2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Дата публикации
21 сентября 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы