Меню

Страницы

Статья

Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу жөніндегі норма көзделген.

PAGE «Жасыл экономика» мәселелері бойынша іс – қимылдар әріптестігі бағдарламасының (The Partnership for Action on Green Economy (PAGE) сараптамалық көмек көрсетуде, ол БҰҰ-ның бес мекемесінің: Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰҚЖ (ЮНЕП), БҰҰӨД (ЮНИДО), ОЖЗҒИ (ЮНИТАР), БҰҰДБ (ПРООН) қолдауымен 2035 жылға дейін Астана қаласының Бас жоспарына (бұдан әрі – «Бас жоспар») СЭБ өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.

 

Астана қаласының әкімдігі пилоттық режимде экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген) қамту саласын айқындау жөніндегі рәсімнің басталғаны туралы хабарлайды стратегиялық экологиялық бағалау шеңберінде Бас жоспарға жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырады:

1) бас жоспарды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепте бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) сізде бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Ескертулер мен ұсыныстарды 2023 жылғы 24 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жазбаша түрде жіберу қажет (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2023 жылғы 24 шілде)

Ескертулер мен ұсыныстарды электронды түрде электрондық поштаға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің ұсыныстарыңыз кеңседе телефон арқылы алынғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44

Анықтамалар үшін байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті

Тел. 8 701-847-2853 (WhatsApp); 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген мерзімде алған барлық ескертулер мен ұсыныстар қаралуға жатады.

Жоспар туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында танысуға болады («Қызмет» бөлімі Негізгі құжаттар» бөлімі Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=ru  

сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы сайтында.

https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-upr/documents/details/490385?lang=ru

Дата публикации
03 июля 2023
Дата обновления
03 июля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
400 мыңнан аса жас қазақстандық Ұлттық қор қаржысын пайдаланды
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы