Ағымдағы жылы Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» Астана қаласы мәслихатының жобасын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірледі.
Қазіргі уақытта Іс-шаралар жоспары мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП) арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаментіне (бұдан әрі – Департамент) келісуге жолданды.
Департамент келіскеннен кейін Іс-шаралар жоспары Астана қаласының мәслихатына бекіту үшін жолданады.
Сол себепті, 2022 жылғы орындалу туралы есеп Іс-шаралар жоспары бекітілгеннен кейін ұсынылатын болады.