жоба
«Астана қаласының әкімшілік
шекараларындағы өзендерде
су қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы
№ 3-1-1587қ қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
кіріспедегі «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына» деген сөздер «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11838 болып тіркелген) бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының мемлекеттік тілдегі барлық мәтіні бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Есіл өзені арналарының жекелеген учаскелері үшін қосымшаға сәйкес.»;
4-тармақтағы «Сарыарқа» деген сөзден кейін «, «Байқоңыр» деген сөзбен толықтырылсын.
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендердегі су қорғау аймақтарының картографиялық материалдарға түсірілуін;
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары А. Қайсағалиев
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-
құқықтық бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты пайдалану
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысы Ә. Қожабаева
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы Д. Бекмағамбетов
|
|
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы «___»__________ №______қаулысына қосымша
|
|
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан
Есіл өзенінің жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені
|
Р/с № |
Жеке учаскенің атауы |
Су объектісі (канал учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары) |
Су қорғау аймағының ені, м |
Су қорғау белдеуінің ені, м |
|
1. |
«Autogas Retail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қ., «Есіл» ауданы, Ш. Айтматов және Е456 көшелердің (жобалық атауы) қиылысында орналасқан, автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі (№ 5 учаске) |
Есіл өзені (өзен учаскесі x=-3022,1; y=-1444,8; x=-2998,9; y=-1690,9; су қорғау белдеуі x=-3054,3; y=-1445,9; x=-3030,8; y=-1696,3; су қорғау аймағы x=-3387,2; y=-1567,4; x=-3408,9; y=-1665,1) |
381,6 |
35 |
|
2. |
«Autogas Retail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қ., «Есіл» ауданы, Ш. Айтматов көшесі ауданында орналасқан автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі (№ 6 учаске) |
Есіл өзені (өзен учаскесі x=-3468,4; y=-656,1; x=-3353,2; y=-663,7; су қорғау белдеуі x=-3471,1; y=-686,7; x=-3351,4; y=-696,1; су қорғау аймағы х=-3550,4; у=-1126,4; х=-3448,2; у=-1149,2) |
477,37 |
35 |
|
3. |
«Autogas Retail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қ., «Есіл» ауданы, Ш. Айтматов көшесі ауданында орналасқан автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі (№ 6 учаске) |
Есіл өзені (өзен учаскесі x=-3049,6; y=-1229,9; x=-3067,6; y=-1273,5; су қорғау белдеуі x=-3078,9; y=-1216,7; x=-3098,8; y=-1266,2; су қорғау аймағы х=-3448,2; у=-1149,2; х=-3455,5; у=-1180,6) |
398 |
35 |
_________________________________