«Астана қаласының әкімшілік
шекараларындағы өзендерде
су қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы
№ 3-1-1587қ қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
кіріспедегі «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына» деген сөздер «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11838 болып тіркелген) бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының барлық мәтіні және атауы бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Есіл өзені арналарының жекелеген учаскелері үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес»;
4-тармақтағы «Сарыарқа» деген сөзден кейін «, «Байқоңыр» деген сөзбен толықтырылсын.
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендердегі су қорғау аймақтарының картографиялық материалдарға түсірілуін;
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Әкім |
|
А. Кульгинов |
КЕЛІСІЛДІ
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
«____» ____________ 2020 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
«____» ____________ 2020 жыл