«Нұра-Есіл арнасының су қорғау
аймақтары мен белдеулерін
белгілеу туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 205-2327 қаулысына
толықтырулар мен өзгертулер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға және Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасында Нұра-Есіл арнасының жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін»
қаулыға қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 205-2327 қаулысына
1-қосымша»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Нұра-Есіл арнасы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің картографиялық материалдарға түсірілуін;
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органға осы тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А. Көлгінов
КЕЛІСІЛДІ
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
2021 жылғы «____» ____________
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
2021 жылғы «____» ____________