
Заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) ағаштарды кесуге рұқсат беру;
2) қала аумағын түгендеу және орман патологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
3) қала аумағында өтемдік отырғызу, ағаштар мен жасыл желектерді қайта отырғызу үшін арнайы учаскелерді анықтайды;
4) жасыл желектердің тізілімін және есебін жүргізу;
5) дендрологиялық жоспарды бекіту;
6) жалпы пайдаланылатын жерлерде ағаштарды санитарлық кесуді келісу;
7) жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органның функцияларын орындауды қамтамасыз ету;
8) жалпы пайдаланылатын жерлерде көп жылдық екпелері бар көгалдандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және абаттандыру, көріктендіру объектілерін және көп жылдық жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша;
9) қала аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру;
10) табиғат қорғау объектілерін салу және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
11) санитарлық-қорғау аймағын (Нұр-сұлтан қаласының «Жасыл белдеуі») қоса алғанда, жасыл желектерді ағымдағы күтіп ұстау және қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру);
12) жалпы пайдаланылатын жерлерде көгалдандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және абаттандыру бойынша Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
13) жалпы пайдаланылатын жерлерде салынған, қайта жаңартылған көгалдандыру және абаттандыру объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.