Астана салауатты болашақ жолында: нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қандай шаралар қабылдануда?

Астана салауатты болашақ жолында: нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қандай шаралар қабылдануда?

Елордада халық денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске ерекше назар аударылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін тәуелділіктің алдын алуды, нашақорлық жағдайларын ерте анықтауды және медициналық көмек пен оңалту бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтуді қамтитын кешенді бағдарламалар әзірленіп, енгізілуде.

Бүгін елордада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық штабтың жұмыс отырысында мемлекеттік органдардың өкілдері «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын орындау жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырды.

Кеңес барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов жастар арасындағы ақпараттық жұмыс маңыздылығын атап өтті. «Қол жетімді ақпараттық науқандар арқылы салауатты өмір салтын тиімді насихаттауға және нашақорлықтың алдын алуға болады», – деп атап өтті ол. Сондай-ақ, жастардың бойында жаман әдеттерге төзімді көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу және зиянды әсерлерге балама ретінде спорт пен мәдениетті насихаттау бойынша күш-жігерді жандандыруға шақырды.