
Бұл туралы бүгін коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының штаттан тыс Бас аллергологы Елена Ковзель айтты.
Аллергиялық аурулардың көрінісі өте алуан түрлі, кейде олар науқастарды туылғаннан бастап қартайғанға дейін мазалап, сонымен бірге бір-бірімен қатар жүруі мүмкін.
«Аллергиялық ауру - бұл ағзаның аллергиялық реакциясының сыртқы көріністерінің жиынтығы. Олардың ауыр деңгейге өтпеуі үшін алдын алу өте маңызды», - дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, ең жиі кездесетін өткір аллергиялық ауруларға аллергиялық ринит (риноконьюнктивит, шөп безгегі), бронх демікпесі, атопиялық дерматит, аллергиялық байланыс дерматиті, есекжем және Квинке ісінуі, анафилаксия, аллергиялық васкулит жатады. Дәрілік, тағамдық аллергия, жәндіктердің шағуына аллергия және т.б. сияқты белгілер аталмыш негізінде жатуы әбден мүмкін. Олардың себеп-салдарлық аллергендерін анықтау және жою немесе онымен байланысын азайту үшін алдын-алу шаралары аса маңызды. Онсыз науқастың жағдайын толық бақылау мүмкін болмайды.
Аллергиялық аурулардың таралуын, олардың ағымының ауырлығын төмендетуде көптеген факторлар маңызды, мысалы, қоршаған ортаның ластануы, пайдаланылған газдар, көгалдарды уақтылы шабу, тұрғылықты жерлердегі көгалдарға күтім жасау, ауаны баптау жүйелерінің тазалығы, салауатты өмір салты, спортпен шұғылдану.