Астаналық дәрігерлер 23 аптада дүниеге келген нәрестені аман алып қалды

Астаналық дәрігерлер 23 аптада дүниеге келген нәрестені аман алып қалды

№3 Көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогында қуанышты оқиға орын алды, жүктіліктің 23 аптасында дүниеге келген кішкентай Зере ханшайым үйіне шығарылды. Баланың салмағы туылған кезде 600 гр, бойы қағаз парағының көлеміндей 32 см болған.

Қыздың анасы босанғаннан кейін олар ауруханада жалпы 124 күн болғанын айтты. Оның 88 күні - реанимацияда, қалғаны жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінде болған.

«Қыз күтетінімді білгенде біз үшін үлкен қуаныш болды. Жүктілік асқынусыз жақсы өтті. Бірақ 23 аптада су кетіп, мерзімінен бұрын толғақ басталып кетті. Салмағы 600 грамм болып Зереміз дүниеге келді. Білікті мамандардың, тәжірибелі дәрігерлердің арқасында менің қызым аман қалды», - дейді сәбидің анасы.

4 ай ішінде дәрігерлер мен медбикелер нәрестеге үйренісіп, оны жақсы көріп кетті. Бұл уақыт ішінде нәресте қыз өсіп, денсаулығы шыныға түсті. Перзентханадан шығару кезінде оның салмағы 2970 граммды құрады.

«Бала экстремалды өте төмен дене салмағымен дүниеге келгендіктен, оның жағдайы, тыныс алуы ауыр болды. Анасының құдіретті сезім-махаббатының мен мықты неанотологтар, білікті мамандардың ерекше күтімінің арқасында баланың денсаулығында қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Балалар реанимациясы және интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ирина Александровна.

Жыл сайын №3 Көпбейінді қалалық ауруханада 1500 граммға дейін шмамен 80-дей сәби дүниеге келеді. Ағымдағы жылдың тоғыз айында осы салмақта 50 бала өмірге келген.