Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қажет

Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қажет

Дәл осындай ұранмен бүгін Нұр-Сұлтан қаласының №10 қалалық емханасында «AMANAT» партиясы мен «Қазақстан Даму Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Іс-шара «Қоғамда парасаттылық мәдениетті арттыру» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету және әдеп нормаларын сақтау» тақырыптарымен өтті. Семинарды «AMANAT» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалы атқарушы хатшысы Шыңғысхан Қожахметов жүргізді.

Басты мақсат – үздік мемлекеттік қызметші бейнесін насихаттау, әдеп қағидаттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылау. Парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі бөлігі болып табылады.

Жиналған қауым қоғамдағы үлгілі азамат қандай болу қажет деген сұрақ төңірегінде талқылау жасады. Сондай-ақ қызметкерлерге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жасалды.