Меню

Страницы

Статья

Оң өзгерістер күтеміз

– Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзінде экономиканың барлық салалары мен секторлары қамтылды. Біз үшін, әрине, денсаулық сақтау саласы туралы айылған жайттар бәрінен маңыздырақ болғаны анық.

Бұл ретте салада шешімін күткен мәселелер жеткілікті екенін Президент атап өтті. Әсіресе медициналық сақтандыру қорының жұмысына қатысты айтқан сыны есте қалыпты. Бүгінгі таңда бұл жүйе жетілдіруді қажет етеді. Тариф қалыптастыру жүйесін құруға деген тәсілдерді өзгертіп, ӘМСҚ қызметін қайта қарастыру қажет.

Сонымен қатар Президент денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесіне де тоқталды. Иә, бүгінде бұл саланың олқылығы көп. Интероперабельдік платформаны іске қосып, барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру қажет және бұрын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде басталған жұмысты нақты тәжірибеге енгізу керек. Дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқару сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, көп көңілді қағаз толтыруға емес, науқастармен тікелей жұмыс істеуге бөлуге септік етеді.

Ана мен бала мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл – елдің ең маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің бірі. Бүгінгі таңда әлемде, өкінішке қарай, бұл көрсеткіш бойынша артта қалып келеміз. Негізгі себеп – коронавирус пандемиясы. Алдағы уақытта ана мен балаға медициналық көмек көрсету формасын жетілдіру керек. Осы ретте инфрақұрылымдық мәселелер де қылаң береді. Мәселені шешу тек қағаз жүзінде қалмай, нақты іс жүзінде шешіліп, медициналық көмек бұл жағдайда қолжетімді әрі сапалы болуы тиіс. Инфрақұрылымдық мәселелерден бөлек, кадр әлеуетіндегі қиындықтар да бар. Министрлік осы бағытта нақты қадамдарға баруда, сондықтан бұл көрсеткіштің төмендігі алдағы уақытта оң өзгерістер болады деп сенеміз.

Дата публикации
16 июля 2022
Дата обновления
16 июля 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы